• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 23:48:27
Алматы
+35°

03 Мамыр, 2018 Спорт

Әлем чемпионы Қанат Ислам «Street Workout KZ» байқауына қолдау көрсетті

Кәсіби боксшы және әлем чемпионы Қанат Ислам Street Workout KZ іс-шарасына қатысқан Арыстанбек Мұхамедиұлының бастамасын қолдады

Кәсіби боксшы және әлем чемпионы Қанат Ислам Street Workout KZ іс-шарасына қатысқан ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының бастамасын қолдады.

АҚШ-тағы Флорида штатында тұрып жатқан Қанат Ислам Қазақстандағы оқиғаларды үнемі бақылап жүреді. Ол жастарды бұқаралық спортқа тартуға бағытталған республикалық жоба жайлы оқи сала, қазақстандықтардың белсенді өмір салтына қатысуға шешім қабылдаған.

«Мен әлем чемпионы, кәсіби боксшы Бейбіт Шүменов пен аралас жекпе-жектің әлем чемпионы Ардақ Назаровқа жолдаймын», - делінген спортшының видео жолдауында.

2017 жылдың 9 қыркүйегінде Астана төрінде Қанат өзінің кезекті жеңісіне жетіп, Канадалық Брэндон Кукті нокаутқа жіберіп, 25-ші жеңісіне қол жеткізді, аталмыш жеңісімен қазақстандықтарды спортқа ынталандыра түскен еді. Жалпы Қанат Ислам 25 кездесудің 25-інде де жеңіске жеткен. Ол WBA Inter-Continental, WBO NABO (2017-н.в.), WBO Inter-Continental, WBA Fedelatin и WBA Fedecaribe нұсқаларының 1-ші орта салмақтағы иегері. Енді әлемге әйгілі кәсіби боксшы қазақстандық эстафетаға да қатысуда.

Естеріңізге салсақ, Мәдениет және спорт министрі «Street Workout KZ» байқауын бастаған еді. Арыстанбек Мұхамедиұлы олимпиада чемпионы Серік Сәпиевке, әнші Қайрат Нұртасқа және актер Әділ Ахметовке эстафетаны тапсырды. Содан кейін Бахтияр Артаев, Ілияс Сүлейменов, Денис Тен, Галиб Джафаров, Арман Чилманов сияқты әйгілі спортшылар министрдің бастамасын қолдап, эстафетаны жалғап кеткен еді.

Сіз конкурсқа қатыса отырып, өзіңіздің қала немесе ауылыңыз үшін StreetWorkout арнайы алаңын, сондай-ақ ақшалай сыйлықты ұтып аласыз. Байқаудың шарттары «Challenge Street Workout KZ» сайтында орналастырылған.

Байқау 10 маусымға дейін жалғасады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір