• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 13:22:49
Алматы
+35°

07 Сәуір, 2018 NEWS

Алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы

Еліміздің оңтүстік бөлігінде жаңбыр, кей жерлерде қатты найзағай, екпінді жел болжанады

Синоптиктер алдағы үш тәулікте артикалық суық фронпен байланысты солтүстік облыстарда ылғалды қар, түнде тұман және көктайғақ болуы мүмкін екенін ескерті, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Қазгидромет РМК ресми сайтына жасай отырып.

"Қазақстанның солтүстік аудандарында кезекті циклон орналасып, еліміздің барлық облыстарындағы ауа-райына әсер ететін болады. Алдағы үш тәулікте артикалық суық фронпен байланысты солтүстік облыстарда ылғалды қар, түнде тұман және көктайғақ күтіледі", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, еліміздің оңтүстік бөлігінде жаңбыр, кей жерлерде қатты найзағай, екпінді жел болжанады. Ауа температурасының ауытқуы күтіледі: жауын-шашынмен тез төмендеп, күн ашылғанда шапшаң жоғарылай бастайды.

"8 сәуірде түнде Қызылорда облысында, 10 сәуірде түнде Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде 2 градус үсік жүруі ықтимал. Ықтималдық 90-95 пайыз", - дейді Қазгидромет РМК өкілдері.

7-8 сәуірде Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында ауа температурасының жоғарылауы және жауын-шашын болжамына байланысты қардың еруі, жергілікті ағынның қалыптасуы, су деңгейінің көтерілуіне және судың өзен жайылмасына шығуына (су басуға) байланысты ескерту жариялаған болатын. 

Сонымен қатар, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында жаңбыр болжамына байланысты, кей жерлерде қатты, жергілікті және баурайлы ағынның қалыптасуы, су деңгейлерінің көтерілуі және жайылмалық аудандарды су басуы күтілетінін ескертті.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір