• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 20:49:38
Алматы
+35°

15 Желтоқсан, 2017 Аймақтар

Алатау ауданының әкімі Өңірлік коммуникациялар қызметінде брифинг өткізді

БАҚ өкілдері алдында есеп берген Шахмардан Рыспаев өзі басқаратын ауданында атқарылған жұмыстардың нәтижесіне тоқталды

Алатау ауданына жаңа қосылған «Рахат-Мәдениет», «Теректі», «Алғабас» аудандарында электр қуаты мен ауыз су, жол, кәріз жүйесі мәселесі толық шешімін тапқан жоқ.

Бұл туралы бүгін Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Алатау ауданының әкімі Шахмардан Рыспаев айтты.

«Бүгінгі таңда жобалық-сметалық құжаттама дайындау бойынша қалалық энергетика басқармасымен бірлесіп жұмыс істеп жатырмыз. Бұл шағын аудандарда су, кәріз, электр жүйесі мен жол мәселесі әлі де бар. Мысалы, «Теректі» ықшам ауданына тартылған электр қуаты Қарасай ауданынан алынады. Алматы облысына қарасты электр желілерін өз ауданымызға ауыстыру мәселесі бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Тоқ кернеуінің аз болуы да сондықтан», - деді аудан әкімі.

Аудан әкімінің есебінде жалпы, аудан бойынша тұрғындарды үздіксіз электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында, «13-14 аумақ» ықшам аудандарында ұзындығы 11,8 шақырымды құрайтын электр желілері салынып жатқаны баяндалды. Сонымен қатар, әкім бүгінгі күні Алатау ауданының 13 ықшам ауданында ауыз су мен кәріз құбырларын тарту жұмыстары да жүріп жатқанын айтты.

«Нақтырақ айтқанда, «Әйгерім-1,2», «Қарасу», «Ұлжан-1,2», «Дархан-Байбесік», «Шаңырақ-1,2», «Трудовик», «АЗТМ-Алғабас», «14 аумақ», «Ақбұлақ», «Өжет» және «Көк Қайнар» ықшам аудандарына құбыр тартылып жатыр. Құбырлардың жалпы ұзындығы 381 шақырымды құрайды, оның ішінде ауыз су - 200, кәріз - 180,4 шақырым, бюджеттен бөлінген қаражат сомасы 16 млрд. 608 млн. теңге», - деді аудан әкімі.

БАҚ өкілдері алдында есеп берген Шахмардан Рыспаев өзі басқаратын ауданында атқарылған жұмыстардың нәтижесіне тоқталды.

«Алатау ауданының салық түсімдері 9 жылда 6,5 мллиард теңгеден 26 мллиард теңгеге жетті. Бүгінгі күні мемлекеттік бюджетке 25 млрд. 735 млн. теңге түсіп, жоспар 95 пайызға орындалды. Республикалық бюджетке 14 млрд. 790 млн. теңге түсіп, жоспар 87 пайызға орындалды. Жергілікті бюджетке 10 млрд 946 млн теңге түсті, берілген жоспар 109 пайызға орындалды», - деді аудан әкімі.

Аудан әкімі жеке инвестиция есебінен «Рахат-Мәдениет» ықшам ауданында 100 орынға арналған балабақша құрылысы басталғанын, «Алатау сити» тұрғын үй кешенінде 350 орындық балабақша салынып жатқанын айтты.

Айта кетейік, бүгінгі күні Алатау ауданында 23 ықшам аудан бар, жалпы жер аумағы - 10 495 гектар. Ауданда ресми есеп бойынша 22 мыңнан астам халық тұрады.

Ауданда индустриялды-инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасы аясында 40 жоба мақұлданған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір