• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 23:27:53
Алматы
+35°

31 Қазан, 2016 NEWS

Алаштың айбоз ақыны Айбек Қалиев депутат болды

Айтыстың ақтангері, Алаштың айбоз ақыны Айбек Қалиев Арқалықтың мәслихат депутаты болды», деп хабарлайды «Қамшы» порталы. Бұл туралы &nbsp...

Айтыстың ақтангері, Алаштың айбоз ақыны Айбек Қалиев Арқалықтың мәслихат депутаты болды», деп хабарлайды «Қамшы» порталы. Бұл туралы  Елдос Тоқтарбай әлеуметтік желіде хабарлады.

«Қазақ айтады: "Аққа Құдай жақ!", - деп. Міне, елі сүйген, халқы сенген Айбек Киікбайұлы жерлестерінен қолдау тауып, халықтың 72,5 пайыз дауысын жинап, Арқалық қаласы Мәслихатының Депутаты атанып отыр.
Биылғы жылдың наурызында Айбек ағайымыз Арқалық Мәслихатына депутат болу үшін құжаттарын тапсырған еді, бұрынғы қала басшысы ортаға ананы, мынаны салып жүріп, Ақ адал азаматтың алдын бөгенген еді. Енді міне жарық күн туып, әділдік орнап, Арқалыққа жаңа басшы келген шақта, Ұстазымыз халықтың сөзін сөйлеу үшін Мәслихаттың ісіне араласқалы жатыр. Алла жар болсын, Ұстазым!
Сіздің әділдігіңізді, қайраткерлігіңізді білеміз. Ел Сізге сенеді. Арқалықтың болашағы арайланып, абантанып өсуіне қосар үлесіңіз лайым табыстан болғай!
», деп жазды Тоқтарбай әлеуметтік желіде.

image

Еске сала кететін болсақ, жақында ғана Айбек Қалиевке «Профессор» академиялық атағы белген болатын.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір