• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 08:08:34
Алматы
+35°

08 Маусым, 2018 NEWS

«Алаш қозғалысы және оның Жетісулық қайраткерлері» жинағы таныстырылады

Шараның мақсаты - Жаңа басылым «Алаш қозғалысы және оның Жетісулық қайраткерлері» атты жинақпен көпшілікті таныстыру

«АЛАШ ҚОЗҒАЛЫСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЖЕТІСУЛЫҚ КАЙРАТКЕРЛЕРІ» атты жинақтың тұсаукесері өтеді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Алматы облысы, Қарасай  ауданы, Алмалыбақ ауылы, Шегебаев көшесі, 21А мекен-жайында «АЛАШ ҚОЗҒАЛЫСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЖЕТІСУЛЫҚ КАЙРАТКЕРЛЕРІ» атты жинақтың тұсаукесері өтеді.

Ұйымдастырушылар - «Алматы облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Шараның мақсаты - Жаңа басылым «Алаш қозғалысы және оның Жетісулық қайраткерлері» атты жинақпен көпшілікті таныстыру.

2018 жылдың «12» маусымында «Алаш қозғалысы және оның Жетісулық қайраткерлері» атты жинақтың тұсаукесер рәсімі өтеді.

Шараға Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысы, Жетісу ақын-жазушылары, Алаш қозғалысы қайраткерлерінің ұрпақтары, тарихшылар, зиялы қауым өкілдері,  бұқаралық – ақпарат құралдары, «Алматы облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлері және филиал директорлары қатысады

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір