Алаш Орданың 100 жылдығына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Алаш Орданың 100 жылдығына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Алматы қаласы Ғылым ордасында «Алаш Орда және ұлт-азаттық идеясы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Айта кетер болсақ, аталмыш шараны Алматы қаласы әкімдігінің Мәдениет басқармасы ұйымдастырған болатын.

1917 жылы ақпанда монархиялық биліктің құлауы бұрынғы Ресей империясының территориясында және оның ұлттық аймақтарында демократиялық қайта құрулардың басталуына негіз берді. Отарлық жағдайда күн кешкен қазақ халқының мүддесін қорғап келген ұлт зиялылары жер-жерде құрылып жатқан Уақытша үкіметтің органдарын ұйымдастыруға атсалысып, оларға жетекшілік ете бастады. Ресейдің саяси орталығындағы орнаған қос билік ұлттық аймақтарда, соның ішінде Қазақстанда көп өкіметтілікке алып келді. Халық арасында кең танымал «Қазақ» газетінің төңірегінде топтасқан зиялы қауым өкілдері өзін өзі басқару мен билеу ұрандарын іс жүзіне асыруда Уақытша үкіметке сенім білдіріп, оған үміт артты.  

1917 жылы көктем-жаз айларында өткен облыстық съездер қазақ қоғамының бірігуіне септігін тигізді. Орынборда, Ақмолада, Оралда, Омбы мен Верныйда өткен съездерді болашақта Алаш қозғалысының негізін құраған қазақ қайраткерлері ұйымдастырды. Барлық облыстық қазақ съездері «бүкіл қазақ халқын біріктіру және оның мұң-маұқтажын біліп-тану» үшін жалпы қазаққа ортақ съезд шақыру қажет деп тапты.

Алаш қозғалысының қалыптасу тарихында маңызды орын алған, оның құрылуына түрткі болған І Жалпықазақ съезі 21-28 шілде аралығында Орынборда өтті. Оған 7 қазақ облысынан делегаттар қатысып, съезге төрағалықты Халел Досмұхамедов жүргізді. Осы жиында көптеген өзекті мәселелермен бірге қазақ халқының мүддесін қорғайтын «жеке қазақ саяси партиясын» құру туралы шешім қабылданып, оның бағдарламасын құрастыру міндеті Жаханша Досмұхамедов пен Мұстафа Шоқай бастаған жұмысшы тобына жүктелді.

1917 жылы 5 қазанда «Қазақ» газеті І Жалпықазақ съезінің шешімін қабылдаған және жеке қазақ партиясына қолдау білдірген барлық кандидаттарға Құрылтай жиналысына әлі құрылып үлгермеген «Алаш» партиясының тізімі бойынша сайлауға түсу туралы үндеу тастады.

Күз айларында қазақ облыстарында өткен съездерде «Алаш» партиясының тізіміндегі қайраткерлер Құрылтай жиналысына сайланды. Сайлау науқаны өткен соң, шұғыл түрде Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатовтардың жетекшілігімен «Алаш» партиясы бағдарламасының жобасы әзірленіп, 21 қарашада «Қазақ» газетінде жарияланды. Онда қысқа әрі нұсқа формада «Алаш» партиясының қайраткерлері қазақ қоғамындағы ең басты әрі маңызды мәселелері бойынша өз позициясы мен көзқарасын білдірдіп, Ресей құрамындағы қазақ автономиясын құру қажеттігін көтерді.

Әлихан Бөкейхановтың саяси беделіне сеніп, оған қолдау білдірген Алаш қайраткерлері партияның Омбыда, Семейде, Торғайда облыстық комитеттерін құрып, саяси өмірге араласады.

1917 жылы 5-13 желтоқсан аралығында өткен ІІ Жалпықазақ съезінде қазақтар қоныстанған облыстардың есебінен территориалды-ұлттық автономияны құру туралы қаулы қабылданғанымен, оны жариялау мәселесінде съезд делегаттары арасында қызу пікірталастар орын алды. Алаш партиясының органы болған «Қазақ» газеті кейін мойындағандай, автономияны бірден жариялауға сол уақыттағы Қазақстандағы және оның көрші аймақтарындағы күрделі саяси жағдай кері ықпал етті. Автономия жарияланбағанына қарамастан, съезде Алаш-Орда жалпықазақ уақытша халық кеңесі құрылып, оның төрағалығына Әлихан Бөкейханов сайланды.

1918 жылдың көктем айларында Алаш қайраткерлері қазақ автономиясын большевиктер тарапынан мойындатуға қол жеткізуге тырысты. Кеңестер басшылығы мен Алаш басшылары арасында өткен келіссөздердің қорытындысында екі жақ бірін-бірі мойындаған жағдайда автономия жариялау мүмкіндігі қарастырылды. Бұл уақытта Семейде Алаш-Орда үкіметінің мүшелері және советтер арасындағы қарым-қатынастардың шиеленісуі және жергілікті жерде совет өкіметінің құлауы бұл келіссөздерді толығымен жоққа шығарды. Осы кезден бастап, Алаш автономиялық қозғалысының қайраткерлері анти-советтік позицияға шығып, ақ қозғалыстың генералдарына қолдау көрсетті. Бірақ, уақыт көрсеткендей панресейлік позицияны ұстанып, «тұтас әрі бөлінбес Ресейді» қайта қалпына келтіруге тырысқан Омбыдағы Сібір үкіметі де, Самарадағы Бүкілресейлік Құрылтай жиналысы мүшелерінің Комитеті де Алаш қайраткерлері ұсынған шарттардың негізіндегі автономияны мойындаудан үзілді-кесілді түрде бас тартты. 1918 жылы қарашада болған төңкеріс, Құрылтай жиналысының таратылуы және Колчактың басшылығындағы Уақытша Бүкілресейлік үкіметтің құрылуы Алаш қайраткерлерінің автономияға қатысты соңғы үміттерін үзген еді. Тиісті дәрежеде қажетті материалдық, әскери, қаржылық ресурстарға, мықты одақтасқа, саяси күресте ысылып-шыңдалған қайраткерлерден құралған аппаратқа ие болмаған Алаш-Орда толық тәуелсіздікке жете алмайтыны түсінікті еді...

Қалай болғанда да, Алаш Орда 20 ғасыр басындағы қазақ зиялыларының елді еркіндікке жеткізу, қазақ халқына бостандық әперу жолындағы ерен еңбек, ауыр күрес нәтижесінде дүниеге келген, ұлт болып тұтасу идеясын көтерген әлеуметтік-саяси ірі қозғалыс болды.

Большевиктер билігі күшейген тұстан бастап, Алаш Орда үкіметін құрған ұлт зиялылары түгелге жуық «қызылдар қырғынының» құрбаны болды...

Алаш Ардагерлері аңсаған азат күнге, еркін заманға қазақ елі 70 жылдан кейін, советтер одағы күйреген соң ғана жетті.  

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту


  • 6 ай бұрын

    жағымпаздар қайда, астананы Қазақтың Алаш Ордасы деп өзгерту керек деп неге айтпайды,

    • 6 ай бұрын

      راس ايتاسىڭ استانانى الاش ورداسى دەپ وزگەرتىۋ كەرەك

      1
      Қытайда қайық аударылып 11 адам қаза тапты
      21/04 22:20 0 64
      2
      Шекарашылар полковникті Қазақстанның президентімен шатастырған (фото)
      21/04 20:56 1 187
      3
      БҚО дін істер басқармасының экс-басшысы жазаланды
      21/04 19:48 0 157
      Балаларды зорлағандарға өлім жазасы енгізілді
      21/04 19:22 3 3876
      Сирияға кеттім...
      21/04 19:20 3 735

      Таныстырылғандар

      Ақтөбеде ең үлкен ашық аспан астындағы саябақ ашылады
      Ақтөбеде ең үлкен ашық аспан астындағы саябақ ашылады
      Ақтөбеде ең үлкен ашық аспан астындағы саябақ ашылады
      Ақтөбе қаласында Батыс Қазақстандағы ең үлкен ашық аспан астындағы саябақ ашылады
      09/04/2018 12:45 0 158
      Ақтөбе тұрғындары: Лифтіде қамалып қалуға етіміз үйренген  (фото)
      Ақтөбе тұрғындары: Лифтіде қамалып қалуға етіміз үйренген (фото)
      Ақтөбе тұрғындары: Лифтіде қамалып қалуға етіміз үйренген (фото)
      Ақтөбе қаласының тұрғындары тұрғын үйлердегі лифттердің жағдайы мүшкіл екенін жеткізді.
      10/04/2018 09:44 0 330
      Аяусыз соққыға жығылған мешіт күзетшісі ауруханада көз жұмды
      Аяусыз соққыға жығылған мешіт күзетшісі ауруханада көз жұмды
      Аяусыз соққыға жығылған мешіт күзетшісі ауруханада көз жұмды
      Құзырлы органдар аталған істі тексеру үстінде. Мәлім болғандай, күдікті деп танылған 20 жастағы жігіт психикалық ауытқуы бар деп танылып отыр.
      10/04/2018 19:29 2 941
      Геннадий Головкиннің 5-мамырдағы жекпе-жегі қайда өтетіні белгілі болды
      Геннадий Головкиннің 5-мамырдағы жекпе-жегі қайда өтетіні белгілі болды
      Геннадий Головкиннің 5-мамырдағы жекпе-жегі қайда өтетіні белгілі болды
      Танымал Boxrec.com сайты қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкиннің 5-ші мамырға жоспарланған жекпе-жегінің өтетін жерін атады
      10/04/2018 20:51 0 901
      Қытайда төрт жыл бұрын көз жұмған отбасылық жұптың баласы дүниеге келді
      Қытайда төрт жыл бұрын көз жұмған отбасылық жұптың баласы дүниеге келді
      Қытайда төрт жыл бұрын көз жұмған отбасылық жұптың баласы дүниеге келді
      2017 жылы желтоқсанда Тяньтянь есімді бала дүниеге келген.
      12/04/2018 17:52 0 5005
      Шайтанға қызмет еткен шіркеу қызметкерінің бастан өткергені (фото)
      Шайтанға қызмет еткен шіркеу қызметкерінің бастан өткергені (фото)
      Шайтанға қызмет еткен шіркеу қызметкерінің бастан өткергені (фото)
      «Шайтанға табыну» ағымында немі мас болып жүру, тамақты нормадан тыс жеу, кез келген адаммен жыныстық қатынасқа түсу құптарлық іс.
      14/04/2018 12:58 0 2326
      Талғат Аян бостандыққа шығады
      Талғат Аян бостандыққа шығады
      Талғат Аян бостандыққа шығады
      Халықаралық құқық қорғау ұйымдары Аян мен Макс ар-ождан тұтқындары деп жариялап, Қазақстан билігін белсенділерге бостандық беруге талай мәрте шақырған
      15/04/2018 11:25 5 661
      Сирияға тағы да зымыран шабуылы жасалды
      Сирияға тағы да зымыран шабуылы жасалды
      Сирияға тағы да зымыран шабуылы жасалды
      Сирияның Әуе қорғанысы жүйесі Хомс төңірегінде зымырандардың көзін жойды.
      17/04/2018 10:33 0 256
      Қарағандылық азамат: 26 наурыздан бері соғысқа қатысып жүрмін (видео)
      Қарағандылық азамат: 26 наурыздан бері соғысқа қатысып жүрмін (видео)
      Қарағандылық азамат: 26 наурыздан бері соғысқа қатысып жүрмін (видео)
      Украинаның Донбасс қаласындағы соғысқа қатысқан адамдардың қатарында қазақстандық азаматтың бар екені белгілі болды.
      17/04/2018 12:41 1 2699
      Арыстанбек Мұхамедиұлы Алматы облысына келді
      Арыстанбек Мұхамедиұлы Алматы облысына келді
      Арыстанбек Мұхамедиұлы Алматы облысына келді
      Алматы облысына жұмыс сапарымен Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы келді.
      18/04/2018 15:25 0 82
      19-21 сәуірге арналған ауа райы болжамы
      19-21 сәуірге арналған ауа райы болжамы
      19-21 сәуірге арналған ауа райы болжамы
      Республиканың басым аймақтарында ауа температурасы көтеріледі.
      18/04/2018 17:03 0 881
      Теңге нығайып келеді
      Теңге нығайып келеді
      Теңге нығайып келеді
      Ұлттық валютаның айырбастау пунктеріндегі бағамы 323-328 теңге.
      19/04/2018 13:11 1 253
      «Егемен Қазақстан» ҰБТ онлайн тест жүйесін іске қосты
      «Егемен Қазақстан» ҰБТ онлайн тест жүйесін іске қосты
      «Егемен Қазақстан» ҰБТ онлайн тест жүйесін іске қосты
      Egemen.kz сайтында ҰБТ онлайн тест жүйесі іске қосылды
      19/04/2018 16:07 2 711
      Бас прокуратура Талғат Ермегияевқа түрмеде қандай жағдай жасалғанын айтты
      Бас прокуратура Талғат Ермегияевқа түрмеде қандай жағдай жасалғанын айтты
      Бас прокуратура Талғат Ермегияевқа түрмеде қандай жағдай жасалғанын айтты
      ІІМ өкілдері Астана іргесіндегі ЕЦ-166/10 түзеу мекемесінде Ермегияевқа жайлы жағдай жасаған лауазымды тұлғалардың жазаланғанын мәлімдеген.
      19/04/2018 16:21 0 711
      Ауыл шаруашылығы министрі ресми сапармен Алматы облысына барды
      Ауыл шаруашылығы министрі ресми сапармен Алматы облысына барды
      Ауыл шаруашылығы министрі ресми сапармен Алматы облысына барды
      Өмірзақ Шөкеев Алматы облысына келген сапарында облыс әкімі Амандық Баталовпен бірге өңірдің бірқатар ауыл шаруашылығы нысандарында болды.
      21/04/2018 11:43 0 131