• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 12:28:29
Алматы
+35°

14 Қазан, 2017 NEWS

Ертең Қырғызстан халқы жаңа президентін сайлайды.  Соған байланысты Өмірбек Бабанов қырғыз халқымен кездесті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Бабановтың қырғыз халқымен кездескені әлеуметтік желіде тарап кетті. Алаңға жиналған халық өте көп. Жиналған халықтың алдында Өмірбек Бабанов «Алтындай елім, алтыншы нөмірді таңдайды»,- деді. 

Қазір онда сайлау алды науқанының нағыз қызған шағы. Мемлекет басшысы болуға басты 10  үміткер қатысады. Дауыс беру республика бойынша ертең таңертеңгі сағат 8-ден 20:00-ге дейін жүргізіледі. 

Өмірбек Бабанов 1970 жылы 20 мамырда Қырғызстанның Талас облысында дүниеге келген. Саясаткер және мемлекет қайраткері. «Республика-Ата Жұрт» саяси партиясының және парламенттік фракциясының лидері.

2011 жылдың 23 желтоқсаны мен 2012 жылдың 1 қыркүйегі аралығында Кырғызстан үкіметін басқарды. Алмазбек Атамбаев президенттік науқанға қатысқандықтан, 2011 жылдың 23 қыркүйегі мен 11 қарашасы аралығында, сондай-ақ 2011 жылдың 1-23 желтоқсаны аралығында премьер-министр міндетін атқарды.

2015 жылдың қазанынан бері – Қырғыз Республикасы Жоғарғы Кеңес депутаты, «Республика-Ата Жұрт» парламенттік фракциясының лидері.

Еске сала кетейік, Назарбаевтың Бабановпен кездескен болатын. Ө.Бабанов қырғыз халқы Нұрсұлтан Назарбаевтың бітімгерлік жолындағы күш-жігерін жоғары бағалап, оны қолдайтынын атап өтті.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір