• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 03:47:08
Алматы
+35°

21 Қараша, 2017 NEWS

Актер Саша Барон Астанада жалаңаштанған чехиялық туристерге көмек көрсетпек

Қазақстанға «Борат» фильмі арқылы танылған британдық комедия жанрының әртісі, актер Саша Барон Коэн Қазақстанға Чехиядан келген туристерді қолдайтынын айтты.

Қазақстанға «Борат» фильмі арқылы танылған британдық комедия жанрының әртісі, актер Саша Барон Коэн Қазақстанға Чехиядан келген туристерді қолдайтынын айтты, деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі kazpress-ке сілтеме беріп жазады. 

Еске сала кетсек, чехиялық туристер 10 қарашада Астанада ЭКСПО автотұрағындағы "I love Astana" жазуының алдында «Бораттың шомылу киімі» аталып кеткен киімде жартылай жалаңаштанып суретке түскен.

яндекс

Бұл оқиға жөнінде актер жаңалықтардан естіген. Ести салысымен, әлеуметтік желіге жазба қалдырды, онда:

«Өзімнің қамауға алынған чехиялық достарыма айтарым, маған жеке мәліметтеріңізді берсеңіздер, мен айыппұлды төлеймін»,-деп жазған Коэн.

Мұны жүзеге асыру үшін ол ерекше пошта құрып қойды, ол [email protected] («манкини кигені үшін сотталғандар») деп аталады.

Майда заң бұзушылықтар ретінде танылған бұл айып үшін сот отырысы өтіп кетті. Чехиялық туристерге тағылған айыппұл көлемі 22 690 теңгені құраған. Қамалған шетелдіктер оны өтеп, елдеріне қайтып кеткен.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір