• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 23:51:59
Алматы
+35°

15 Мамыр, 2018 NEWS

"Әкем анамды ұрмаса екен". Желіде Аққали есімді баланың хаты тарады

Аққали есімді 4 -сыныптың оқушысы Аллаға хат жазып, желі қолданушыларының жүрегін елжіретті,

Әлеуметтік желіде Аққали есімді баланың Аллаға жазған хаты таралып жатыр, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Алғашында баланың мешітке жазып қалдырған хатын Маңғыстау облысының бас имамы Смайл Сейтбеков жеке парақшасына жариялап, жұртшылықпен бөліскен. 

Бала хатында өзіміздің үйіміз болса екен деген тілегін айтады. 

"Өзіміздің үйіміз болса екен. Әкем тез жұмысқа орналасса екен. Анам тез айлық алса екен. Мен бесінші сыныпқа өтсем екен. Әпкем тесттен жүз балл алып, тех мектепті бітірсе екен. Әлемдегі ең бақытты отбасы болып кетейік. Анамның құрсағындағы сәби тәуір болып дүниеге келсе екен", - деп тілек жазылған таралған хатта.

Аллаға хат

Аталмыш хатты өзінің Instagram парақшасында бөліскен белгілі IT маманы Тимур Бектұр: "Төртінші сынып оқитын баланың ойында қаншама дүние, қаншама тілек, қаншама психологиялық күйзеліс, қанша ой жатыр... Менің ойымша, бұл бала әлі талай жерді жерді жарып шығады. Себебі, көп бала мұндай деңгейде ойламайды, ойласа да жаза алмайды, жазса да әлемдердің Раббысы Жаратқанға адресаттау ойына келе бермейді. Сондықтан, Аллаһ Тағала осы бір балапанның тілегін қабыл етсінші, отбасында береке орнасыншы дегім келеді. Әмин",-деп пікір білдірді. 

Желі қолданушылары Аққалидің жүрегінен шыққан тілегіне тәнті болып, жандары ашыса, енді бірі көмек қолын созуға дайын екенін жазған.

"Жаным-ау, тілегің қабыл болсын, періштем!", "Балалар бақытты болу үшін жаралған. Баланың бақытын ұрладым ау деп ойланбас па екен осы баланың әкесі",-деп қолданушылар пікір қалдырған. Сондай-ақ, пікір білдірушілердің біразы бүгін, 15-мамыр Халықаралық отбасы күні екенін еске салады. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір