• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 18:49:13
Алматы
+35°

17 Мамыр, 2018 Аймақтар

Агроөнеркәсіп қарқынды дамымақ

Жайылымдық жерлерді пай­да­ланатындар да осы заң талап­тарын орындауға міндетті.

Елбасымыз  Н. Ә. Назарбаев үстіміздегі жыл­дың 10 қаңтарындағы «Төртінші өнеркә­сіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкін­діктері»  атты  кезекті Жолдауында «Агро­өнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүм­кін­дігі» деп атаған міндетінде жерді барын­ша тиімді игеретіндерді ынталандырып, ал дұрыс пайдалана алмай­тын­дарға шара қолдануды тапсырғаны белгілі. Сондай-ақ Президентіміз жердің әр метрі тиімді пайдаланылуын және мемлекет осыған үнемі мониторинг жасауды бір жүйемен шешуді де міндеттеген болатын.

          Осы орайда БҚО жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының бөлім басшысы Жанайдар Молдашев облыс аума­ғындағы игерілмей бос жатқан немесе тиімсіз пайдаланылып жүрген ауыл шаруашылығы жерлерін айналымға тарту үшін біркелкі жұмыстардың атқарылғанын айтты.

-Ауыл шаруа­шылығы мақсатындағы жер-лерді ұтымды және тиімді пайдалану мақсатында жерді нарықтық айналымға енгізу арқылы жердің экономикалық тиімділігін көте­ру бойынша біраз іс-шаралар қол­данылып, жаңа заңдар қабыл­данып жатыр. Соның бірі – 2017 жыл­дың ақпан айынан бастап қолда­ныс­­қа енгізілген ҚР «Жайылымдар туралы» заңы. Сондықтан болашақ­та ауыл шаруашылығы жерлерін пай­даланушылар үшін, соның ішін­­де жайылымдық жерлерді пай­да­ланатындар да осы заң талап­тарын орындауға міндетті. Осы ара­­да жердің дұрыс игері­луі, құнар­лылығының сақталуы үшін жерді пайдаланушылар қан­дай шара­­лар атқарулары қажет де­­­ген сұ­рақ­­тың туындауы да заң­ды­лық. Жер пайдаланушылар тарапы- нан жасалатын шаралар ҚР Ұлттық экономика министрлігінің 2015 жылғы 27 наурызындағы №268 бұйрығы­мен бекітілген «Ауыл шар­уашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пай­далану қағидасында» және ҚР Ауыл шар­уа­шылығы ми­нистрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі №173 бұйрығымен бекітілген «Жайылым­дарды ұтым­ды пайдалану қа­ғи­да­сында» айқын көрсетілген. Атап айтсақ, жердің құнарлығын сақтау және арттыру, ауыл шар­уа­шылығы дақылдарының белгі­лі бір өнімділік деңгейін сақ­тау, ауыс­­палы егісті сақтау, жа­йы­лым учас­келерінде жыл мау­сым­­да­ры бойынша кеңістікте және уа­­қыт­­­­­­пен кезектесулерінің сақталуы, мал шаруашылығымен айналысу кезін- де жайылымдық жерде оңтайлы жүктемені қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде арамшөп пен ағаш бұта өсім­діктерінің өсіп кетуіне, сон- дай-ақ тұрмыстық және өндірістік қалдықтармен қоқыстануына жол бермеу бойынша талаптар қо­йылған. Осылайша, егер ауыл шаруашы­­лығы өнімін өндірем деп жер ал­ғандар ол жерін екі жылдан артық пайдаланусыз қалдырса немесе жердің топырақ құнарлығын көп тө­мен­­­­де­тіп жіберсе, ол жерді арамшөп не басқа да карантиндік өсім­­дік­­тер басып кетсе, ол жер мемлекет меншігіне кері қайтарып алынатын болады,-  деді Жанайдар Молдашев.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір