• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 12:11:00
Алматы
+35°

25 Сәуір, 2018 Аймақтар

Ағымдағы жылы 921 алматылық тұрғындардан тұтынушылардан арыз түсті

Ағымдағы жылы 921 алмтылық тұрғындардан тұтынушылардан арыз түсті

Ағымдағы жылы 921 алмтылық тұрғындардан тұтынушылардан арыз түсті.

Бұл туралы Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Болат Сәмбетов мәлімдеді. 

Болат Қуанышбекұлының сөзінше, департаментпен Алматы қаласының 8 тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамдық бірлестіктерімен ынтымақтастық туралы меморандумдары жасалды. Бірлескен жұмыс тұтынушылардың арыздарын талдау, тұтынушылардың шиеленістерін бақылау, халықтың құқықтық біліктілігін жоғарылату мақсатында бірлескен шараларды, акцияларды, жиындарды ұйымдастыруға бағытталған. 

2017 жылда 12 семинар, 8 дөңгелек үстел, 7 «Ашық есіктер күні» іс-шараларын: 

- халықпен және жұмыс ұжымдарымен 23 кездесу; 

- сауда үйлерінде және базарларда 8 акция; 

- әр түрлі қызмет көрсету салаларында 8 әлеуметтік сауалнамалар,-деп атап өтті ол.  

2018 жылдың 1 қаңтарының жағдайы бойынша тұтынушылардан 921 арыз түсті. Оның ішінде, 864 арыз бойынша түсіндірме берілді, 52 арыз басқа мемлекеттік органдарға құзыреті бойынша жолданды және кәсіпкерлік субъектілеріне 5 әкімшілік әсер ету шаралары жүргізіліп, нәтижесінде 4 млн.теңге көлемінде айыппұл өндірілді. 

Телефонмен түскен өтініштер бойынша 449 түсіндірме берілді. 

Ағымдағы жылы, Дүниежүзілік тұтынушылардың құқықтарын қорғау күні шеңберінде Департаментпен оқу орындарында лекциялар оқылды, қаланың кітапханаларында көрмелер, ашық есіктер күні өткізіліп, жергілікті БАҚ баспаларында мақалалар жарияланды. Сонымен бірге, «АДАЛ» қоғамдық бірлестігімен бірігіп «Достык Плаза» сауда үйінде орналасқан SULPAK электроника дүкенінде «Тұтынушылардың құқықтары» тақырыбында ақпараттық акция жүргізілді, - деп сөзін түйіндеді департамент басшысы Болат Қуанышбекұлы. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір