• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 18:37:33
Алматы
+35°

14 Желтоқсан, 2017 Аймақтар

Ағымдағы жылы Бостандық ауданында 27 адам геппатит ауруымен тіркелген

Аталған мекемелерде 6 мыңнан аса медицина қызметкерлері жұмыс істейді

Мұндай ақпаратты Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімі Бекқали Нұрғалиұлы мәлімдеді.

Аудан басшысының ақпаратынша, аудан көлемінде 29 мемлекеттік медициналық мекемелер, оның ішінде 8 республикалық ғылыми институттар мен орталықтар, 203 жеке меншік медициналық мекемелер орналасқан. Аталған мекемелерде 6 мыңнан аса медицина қызметкерлері жұмыс істейді.

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтауды дамыту 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде 2017 жылы 314-тен астам акциялар өткізілді. 2017 жылы туберкулезбен ауырған 55 адам тіркеуге алынса, былтыр 65 адам тіркеуде тұрған болатын. Яғни, былтырғы жылмен салыстырғанда, туберкулез ауруы көрсеткіштері 15,4%-ға төмендеген. Аудандағы бала өлімі былтырғы жылмен салыстырғанда 7,4%-ға төмендеген.

2017 жылы геппатит бойынша 27 адам тіркеуге алынды, 2016 жылы тіркеуге алынғандар адамдар саны 20. АИТВ жұқпасы бойынша 2017 жылы 3 адам тіркеуге алынса, ал 2016 жылы 1 адамға қысқарған. Қатерлі ісік ауруының былтырғы жылмен салыстырғанда, өскенін байқауға болады, 2017 жылы 673 адам тіркеуге алынса, ал 2016 жылы тіркеуге алынғандардың саны 536 адамды құрады. Қатерлі ісік ауруының 1-2 стадиясы бойынша 66,9%, ал 2016 жылы 65,4% құрады. Ал 4-ші стадиясы бойынша былтырғы жылмен салыстырғанда төмендеу байқалады. 2017 жылы 9,5% болса, 2016 жылы 12,7%),- деді өз сөзінде Бостандық ауданының басшысы Бекқали Нұрғалиұлы.

Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Алматы қаласы, Бостандық ауданы әкімі Бекқали Нұрғалиұлы 2017 жылдың 10 айында аудан бойынша 255,3 мың м2 баспана пайдалануға берілді. Оның ішінде: 164,9 мың м2 көпқабатты (23 ғимарат), 90,3 м2 жеке тұрғын үйлер (191 нысан), және 1 жатақхана. Инвестиция көлемі 24 851,0 млн. теңге,- деп мәлімдеді аудан басшысы.

Есептік кезеңде аудандағы қоғамдық көліктермен жалпы саны 23 517,8 мың адам тасымалданды. Ауданда 1 ірі №2 автопарк орналасқан.

Сондай-ақ, ауданда 4 метрополитен станциясы бар: «Алатау», «Байқоңыр», «Драмтеатр Әуезов», «Сайран». Әр станциядағы жолаушылардың ағымы жұмыс күндері шамамен 45 мың адамды, демалыс күндері 25 мың адамды құрайды,- деп сөзін түйіндеді аудан басшысы Бекқали Нұрғалиұлы.

Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Бекқали Торғаев Бостандық ауданындағы 2017 жылдың қаңтар-қазан айларына сәйкес, жергілікті бюджеттен 4,046 млн теңге қаражат бөлінді, 4,033 млн теңге игерілгендігін (99,6%) мәлімдеді.

Аудан басшысының ақпаратына сәйкес, 2017 жылдың қаңтар-қазан айларында мемлекеттік кірістер көлемі 273,6 млрд. теңгені құрап отыр. Жоспар 74,0%-ға орындалды. Оның ішінде: республикалық – 182,2 млрд теңге (67,0%) болса, жергілікті – 91,4 млрд. теңге (90%). 2017 жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында аталған кәсіпорындармен 67,8 млрд. теңгенің өнімі өндірілді (былтырғы жылы осы уақыт аралығында 67,0 млрд. теңге). Жеке индекс мөлшері – 104,1%.

Алматы қаласы бойынша Бостандық ауданында кәсіпорын өнімдерінің мөлшері 10,4% құрайтынын мәлімдеді. Ағымдағы жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында негізгі капиталға құйылған инвестициялар көлемі 119,9 млрд. теңгеге жетті. Былтырғы көрсеткішпен салыстыратын болсақ 125%-ға өсіп отыр (95,9 млрд. теңге). Бөлшек сауда айналымы 352,2 млн. теңге, ИФО – 141,7%. Көтерме сауда айналымы 1352,9 млрд. теңге, ИФО – 103,1%.

Бостандық ауданында 24836 кәсіпорын тіркелген, қазіргі таңда олардың 12896 тұрақты жұмыс істейді. Жыл басынан бері кәсіпорындарда 2803 жаңа жұмыс орындары ашылды (2016 жылы 2 552 орын.). Жоспар 103,8%-ға орындалды,- деп сөзін түйіндеді аудан басшысы Бекқали Нұрғалиұлы.

Мұндай тың ақпаратты Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімі Бекқали Нұрғалиұлы мәлімдеді.

2017 жылдың 10 айдың қорытындысы бойынша аудан аумағында қылмыстар саны азайғаны белгіленген – 8204 қылмыс, 5,0% азайғандығын айтты.

Қылмыстардың статистикалық ашылуының жалпы пайызы 25,7% құрады, 2016 жылдың (24,0%) көрсеткішінен 1,7%-ға жоғары.

Қылмыстардың төмендеуі келесі түрлерінен байқалды:

- ауыр қылмыстар түрлері - 20,0 % (2016ж. - 576, 2017ж. - 461);

- онша ауыр емес және орташа ауыр - 4,4 % (2016ж. - 7756, 2017ж. - 7417);

- онша ауыр емес - 14,9 % (2016ж. - 1160, 2017ж. - 971);

- кісі өлтіру – 2,8 есеге – (2016ж. – 11, 2017ж. – 4);

- тонау - 12,0% (2016ж. - 258, 2017ж. - 227);

- өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру – 3,3 есеге (2016ж. – 3, 2017ж. - 2).

Қылмыстардың келесі түрлерінен көтерілуі байқалды:

- есірткілер - 2,1есеге (2016ж. - 38, 2017ж. - 84);

- біреудің мүлкін ұрлау – 0,5% (2016ж. – 5436, 2017ж. - 5462);

- зорлау–27,3 %(2016ж. - 11, 2017ж. - 14);

- денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру – 26,6 % (2016ж. – 6, 2017ж. - 10);

  • ұйымдастырылған қылмыстық топты ұйымдастыру және басшылық ету – 2,5 есеге (2016ж. - 2, 2017ж. - 5) көбейгендігін хабарлады Бостандық ауданың басшысы Бекқали Нұрғалиұлы.

Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Торғаев Бекқали Бостандық ауданында жалпы саны 48 жалпы білім беру мекемелері орналасқанын туралы айтты. Оның ішінде: 15 жекеменшік, 33 мемлекеттік екенін хабарлады.

Бекқали Торғаевтың айтуынша, мектептердің жобалық қуаттылығы - 32583 оқушы. 2017-2018 оқу жылдарына мектептерде білім алатын оқушылардың саны 36352 баланы құрап отыр (мемлекеттік мектепте – 30579, жекеменшік – 5773). Былтырғы жылмен салыстырғанда оқушылар саны 2641 балаға артып, 108% өскен (33711 бала).

Жыл сайынғы пәндік олимпиадалардың аудандық кезеңіне 767 оқушы қатысып, 379 оқушы жеңімпаз атанды. Қалалық кезеңде 188 оқушы қатысып, олардың ішінде 94 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Сонымен қатар, республикалық деңгейдегі олимпиадаларға Бостандық ауданынан 51 оқушы қатысқан болса, олардың 49-ы, яғни 96% жеңімпаз атанды.

2017-2018 оқу жылдарында 3517 бала алғаш рет мектеп табалдырығын аттады. Былтырғы оқу жылдарымен салыстырғанда (4012 бала) 495 балаға азайғандығы байқалады. Республикалық «Мектепке жол» атты акция аясында аудан кәсіпкерлерінің қолдауымен және «Жалпыға міндетті оқумен қамту» қоры арқылы жалпы саны 745 бала қамтылып, 20-ға жуық млн. теңгеге көмек көрсетілді,- деп сөзін түйіндеді Бостандық ауданының басшысы Торғаев Бекқали.

Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Бекқали Нұрғалиұлы, Бостандық ауданында көше жарықтандыру желілерін жөндеу, күтіп-баптау және қалпына келтіру бойынша жұмыстарды «Алматықалажарық» КММ жүзеге асырады. 10 ай ішінде 216 840 000 теңге сомасына жалпы ұзындығы 380,4 км-ге тең 10 953 жарық нүктелерін күтіп-баптау жұмыстары жүргізілді. 2017 жылы 378 дана жаңа жарық нүктелерінің құрылысы жүргізілген,- деп хабарлады аудан басшысы.

«Алматы тазалык» КММ жалпы сомасы 924 842 433 теңгеге ұзындығы 241,7 км аудан аумағындағы 229 көшелер мен 6 жол айырықтарындағы жол төсемдерінің және 168 км аудан аумағындағы жаяу соқпақтардың механикалық және қолмен тазалау жұмыстары, 7 жербеті және 2 жерасты жаяу жүргіншілер өткелдерінде санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілді. Аудан аумағы бойынша жалпы 29 қалалық және аудандық (жергілікті) сенбіліктерін өткізу барысында барлығы 11 290 м3-ден астам қоқыстар, бұтақтар мен жапырақтарды шығару жұмыстары жүргізілді. Ол үшін 540 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.

Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасына аудан аумағында орналасқан 141 контейнер алаңдары күрделі жөндеу жұмыстарынан өтті. Қазіргі таңда 174 контейнер алаңына жөндеу жұмыстарын жүргізілуі жобада тұр. Көлемі 1,1 м3 болатын 334 дана контейнері ауыстырылды.

«Служба спасения» КММ және аудан мердігер ұйымдарымен бірлесе отырып, аудан аумағында орналасқан Қожабеков-Розыбакиев-Ходжанов-Гагарин аумағында аумағы 1,3 га бос тұрған жер теліміне тазалау жұмыстары жүргізілді. Көлемі 587 м3 кездейсоқ және құрылыс қалдықтары, тастар, бетондар, темір құрылымдар және т.б. шығарылды. Жұмыс барысында 28 арнайы техника және 30 адам қамтамасыз етілді,- деп мәлімдеме жасады Бекқали Нұрғалиұлы.

Бүгін Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Бостандық ауданының әкімі Торғаев Бекқали Нұрғалиұлының қатысумен брифинг өтті.

Бостандық ауданының әкімі Бекқали Нұрғалиұлының айтуынша, маңызды мақаладан туындайтын нақты міндеттерді жүзеге асыру бойынша ауданда бірқатар бағдарламалар қабылданып, олар рет-ретімен іске асырылуда.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 10-нан астам жобалар іске асырылды. Мәселен, биылғы жылы ауданымызда 14 жаңа балалар және спорт алаңдары ашылды. Бірқатар көшелер абаттандырылды. Төл мәдениетімізді дәріптеу мақсатында жастар арасында «Жас өркен» фестивалі ұйымдастырылды. Бірқатар көшелердің атауы өзгертілді. Өздеріңіз жақсы білетіндей біздің ауданның магистралды, басты көшелерінің бірі – бұрынғы Фурманов көшесіне Еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімі берілді. Бұл біздің қаламыз үшін, оның ішінде аудан тұрғындары үшін зор мақтаныш, үлкен абырой,- деп баяндады Бостандық ауданының басшысы Бекқали Нұрғалиұлы.

Бұл туралы Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Бостандық ауданының әкімі Бекқали Торғаев айтты.

Бекқали Торғаевтың ақпаратынша, Бостандық ауданында орын тепкен барлық денсаулық сақтау мекемелері жылуға қосылған. Коммуналдық шаруашылық мамандары тарапынан ПИКтердің өз қаражатына жоспарланған тұрғын үйлерді жөндеу жұмыстарына талдау жасалды.

1420 тұрғын үйде жөндеу жұмыстарын жөндеуге қатысты тиісті кесте бекітілді. Аталған кестеге 231 ескі тұрғын үйлер (ветхие), сонымен қатар «Аумақтарды дамыту – 2020» бағдарламасына енгізілген 90 тұрғын үй кірген жоқ. Бостандық ауданы әкімі аппараты тарапынан мамыр-қыркүйек айлары аралығында ПИКтердің 1420 тұрғын үйлерге 87444926 теңге қаражатқа жүргізген жөндеу жұмыстарына мониторинг ұйымдастырылды. «Аймақтарды дамыту – 2020» бағдарламасы аясында Бостандық ауданында жалпы саны 90 көпқабатты тұрғын үйге жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бөлінген қаражат мөлшері – 1 073 488 682 тенге,- деп сөзін түйіндеді аудан басшысы Бекқали Торғаев.

Мұндай тың ақпаратты Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімі Бекқали Нұрғалиұлы мәлімдеді.

2017 жылы мониторинг жұмыстарына сәйкес, жұмыссыздық деңгейі 5,3% құрайды, былтырғы көрсеткіш 5,3%-ға сәйкес.

Жұмыспен қамту орталығының ресми мәліметіне сәйкес, 2017 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша 3 183 адам жұмыссыздар қатарында (2016 жылы – 3 151 адам), оның ішінде 1439 адам жұмысқа орналастырылды (2016 жылы – 1830 адам), 64 адам әлеуметтік жұмыс орындарына (2016 жылы – 135 адам), 118 адам жастар іс-тәжірбиесіне (2016 жылы – 32 адам) жолданды. Қоғамдық жұмысқа 322 адам жіберілген болса (2016 жылы – 399 адам), 284 адам кәсіптік дайындау курсына жіберілді (2016 жылы – 155 адам).

Жұмыспен қамту орталығына жылдың басынан бастап 928 адам жұмыссыз ретінде тіркелді (2016 жылы – 913 адам).

Ағымдағы жылдың қаңтар – қазан айларында тұрмыс деңгейі төмен 738 адамға жалпы сомасы 4 292 470 теңгені құрайтын тұрғын-үй көмегі көрсетілді (2016 жылы – 1006 адам,7 695 041 теңге).

2017 жылдың қаңтар – қазан айларында орта айлық жалақы 218 176 теңгені құрады, 2016 жылмен салыстырғанда 12,4%-ға өскен (193 418),-деді өз сөзінде Бостандық ауданының басшысы Бекқали Нұрғалиұлы.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір