• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 15:54:08
Алматы
+35°

17 Мамыр, 2018 NEWS

Ағасы туған қарындасын айуандықпен өлтірді деген күдікпен ұсталды

Сотта 35 жастағы ер адам туған қарындасын мас кезінде өлтіргені айтылды.

Қарағанды облысы Ұлытау ауданы Алғабас ауылының тұрғыны туған қарындасын өлтірді деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.  

Қылмыстық іс ауданаралық сотта қаралып жатыр. Тергеушілердің ойынша, қылмыс биыл 16 ақпанда болды. Оның мән-жайы қазір ғана анықталды.

Сотта 35 жастағы ер адам туған қарындасын мас кезінде өлтіргені айтылды. Ағасы мен қарындасының арасында ұрыс болған.

Қылмыс болған күні ер адам үйіне екі бөтелке ішімдікпен келген. Ер адам кешкі ас кезінде ішімдік іше бастаған.

«Ағасының қылығы қарындасына ұнамай, ол өз наразылығын білдірді. Екеуі ұрыса бастады. Осы уақытта ер адам үстелден пышақты алып қарындасына шабуылдаған. Шошып кеткен әйел жатын бөлмеге қашқан. Ағасы оны соққыға жығып, қолымен, аяғымен ұрған, пышақ сұққан» делінген қылмыстық іс материалында.

Сот медицина сараптамасының қорытындысына сәйкес, әйелдің жүрегі мен өкпесі зақымданғандықтан қайтыс болған. Ағасы туған қарындасын өлтіргеннен кейін оқиға орнынан қашып кеткен, бірақ көп уақыт өтпей ұсталды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір