• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 19:23:29
Алматы
+35°

02 Шілде, 2018 Әлеумет

Афина мектебі және Махатма Ганди сабағы

Ежелгі Афина азаматтарына эллан тілінде сөйлей алмайтындармен некеге тұруға заң жүзінде тыйым салынған

Әр бір елім, жерім, халқым, отаным деген азамат – ұлтына қызмет етуге міндетті. Қызметтің түрін талдау – өз мүмкіндігі мен рухына байланысты. Алайда Афина мектебі мен Махатма Ганди сабағына үңілсек, қарапайым жандардың барлығы да ұлтына қызмет етіп, ұлтшылдық рухын көрсете алады.

Ежелгі Афина азаматтарына эллан тілінде сөйлей алмайтындармен некеге тұруға заң жүзінде тыйым салынған. Бұл заң талабын орындау грек патриотизмі ретінде қабылданған және мемлекеттік дәрежеде насихатталып, бұлжытпай орындалған. Олай болса, ұлтшыл боламын деген қазақ азаматы мен қазақ азматшасы не істеу керек?!

Ұлы Махатма Ганди «Ағылшын отаршылдарымен күресудің жолы – ағылшынның тауарларын ешқашан сатып алмау» деп жариялады. Тауарлары өтпеген ағылшын кәсіпкерлері жаппай банкроттыққа ұшырап, ақыры, Үнді жерінен кетуге мәжбүр болған.

Қазақстанда не көп, шетел компаниялары, товарлары көп. Олай болса әр бір ұлтын сүйген отбасы, үлкен-кіші, өзгенің қазанындағы қаңсығына мойын бұрмай, өзінің таңсығына – отандық өніміне қол созсын. Отандық өнімді өндіруге, сатуға, сатып алуға мән берсін!

Ұлтшылдық туралы терең пікір айтқан адамның бірі – Джавахарлал Неру. Ол өзінің «Үндістанын ашу» деген еңбегінде: «...ұлтшыл­дық – халықтардың қозғаушы күші, онымен бірге сезімі, дәстүрі, мақсатты өмір сүрудегі бағыт-бағдары ортақтығын айқын білдіреді» деген болатын. Олай болса, шекера, мемлекет аталатын шектемеліктерге қарамастан қазақ халқы – бір ғана тұтастықты, бір ғана ортақ идеяны ұстануы керек.

Саясаткерлер, ұлтшылдар, қаламгерлер әр түрлі жұмыстар атқарар. Сіз өз басыңыздан не істейсіз? Әрине,  Афина мектебін негізге ала отырып, өзге тіл мен өзге діннің аясын шектейтін ұлттық намысты көтеріңіз.  Махатма Ганди сабағын үйрене отырып, қытай мен орыстың өніміне көз сатпай, қазақстандық өнімдерді ғана пайдаланыңыз. Мұны жүзеге асыра алған әр бір қазақ азаматы ұлтына, мемлекетіне ұлттың нағыз адал, жанашыр перзенті ретінде даңқты қызмет еткен болар еді.

Айталық, машинамен жүрсіз, бензинді қайдан құясыз? Әлеуметтік желіде осы мәселе бойынша «қытайдың «Sin oil» компаниясынан бензин құймайық!» деген ұранды тақырып жүр. Міне, ұлтшылдық дегеніміз дәл осындай қарапайым, нақты істен бастау алады. Бұл ауызда айтып қана қою емес, қолмен істелген қарапайым ғана қарсылық, бірақ мәні зор. Барлық қазақ азаматы отаншылдықты, ұлтшылдықты отбасынан өрбітетін осындай идеяларды көтерсе, тұтас ұлт,  халық – қамалы берік, алынбас қорғанға айналар еді. Алтау ала болмай, төртеу түгел болып, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарсақ, онда азуын айға білеген бағзы түркі рухы бас көтеріп, жауларымыз бізге жасқана қарайтын болады.

Жәди ШӘКЕНҰЛЫ

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір