• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 09:03:25
+35°

17 Мамыр, 2018 Экономика

АЭФ шеңберінде сарапшылар ҮЕҰ дамуының заманауи трендтерін талқылайды

Азаматтық қоғамды дамыту мәселелері бойынша жеке панельдік сессия өткізу  ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің бастамасы болып саналады.

Астаналық экономикалық форумы алаңында алғаш рет азаматтық сектордың замануи жаһандық тенденцияларының негізгі аспектілері, жаңа сын-тегеуріндер мен мүмкіндіктері талқыланатын болады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

2018 жылғы 18 мамырда Астаналық экономикалық форумы «Global Challenges Summit» аясында «Азаматтық қоғамның болашағы. Жаңа азаматтық белсенділік» атты панельдік сессиясы өтеді.

Осы жылы Астана экономикалық форумының аясында тек экономикалық мәселелер талқыланып қоймай, сонымен қатар азаматтық белсенділік, үкіметтік емес ұйымдарды дамыту, бұқаралық ақпарат құралдарын дамыту мәселелері де талқыланатын болады. Себебі, өздеріңіз білетіндей, соңғы жылдары жаңа ақпа­раттық дәуір дәстүрлі БАҚ пен саяси партиялар алдына жаңа сын-тегеуріндерді шығарды.

Азаматтық қоғамды дамыту мәселелері бойынша жеке панельдік сессия өткізу  ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің бастамасы болып саналады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұған дейін аталған шара аясында тек экономикалық аспектілер қарастырылса, биыл Форум алаңында ҮЕҰ дамуының заманауи трендтері талқыланатын болады.

Панельдік сессия жұмысында таяу және алыс шетелдердің, сонымен қоса Қазақстанның барлық аймақтарынан үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, саясаттанушылар, сарапшылар қатысатын болады.

Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті төра­ға­сының орынбасары Бақытжан Нарымбетовтың айтуынша АЭФ аясында алғаш рет азаматтық сектордың қазіргі заманауи тенденцияларының негізгі аспектілері, жаңа сын-тегеуріндер мен мүмкіндіктер талқыланады. Сессия жұмысына шетелдік және отандық үкі­меттік емес ұйымдар, мемлекеттік ұйым­дардың өкілдері, саясаттанушылар мен әлеуметтанушылар, ғылыми-зерттеу ұйымдары, сонымен қатар азамат­тық позициясымен көзге түскен пікір көш­басшылары қатысады. Аталған жиын Дін істері және азаматтық қоғам министр­лігі мен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен өткізіледі.

ҮЕҰ, әлеуметтік кәсіпкерлік дамуының заманауи трендтері және Қазақстандағы азаматтық белсенділіктің формалары туралы белгілі сарапшылар баяндайтын болады. Атап айтқанда, «ТАЛАП» қолданбалы зерттеу орталығының басшысы Рақым Ошақбаев, «Қоғамдық мәселелерді талдау орталығы» қоғамдық қорының басшысы Меруерт Махмутова, «Экономиканың жоғары мектебі» ҒЗУ Азаматтық қоғам мен үкіметтік емес секторды зерттеу орталығының басшысы Ирина Мерсиянова (Мәскеу қ.,Ресей), AlmaU университетінің ректоры Гүлмира Кұрғанбаева, саясаттанушы Саясат Нұрбек сөз сөйлейді деп күтілуде.

Іс-шара қатысушыларына іске асырылған инновациялық жобалар және азаматтық қоғам саласындағы үздік тәжірибелер таныстырылады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір