• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 14:23:46
+35°

24 Сәуір, 2018 NEWS

Адилям Ушурова қазақтардан жыламсырап кешірім сұрады (видео)

"Біреу аккаунтымды бұзған. Қалай түсінсеңіздер, олай түсініңіздер", — дейді Адилям Ушурова.

Өткен аптаның соңында Адилям Ушурова атты қолданушының атынан қазақтардың ар-намысына тиетін пікір жазылған скриншот желіде тарап кеткен еді. Бүтін бір ұлтты "мамбеттер" деп кемсіткен, "сендерді тауға қуып жіберіп, малдың тезегін жегізу керек" деген сөздер қоғамда қатты талқыланды.

Qamshy.kz ақпарат агенттігі құзырлы орындардан істің анық-қанығына жетуді талап еткен еді.

Адилям

Бүгін Facebook әлеуметтік желісінде өзін Адилям Ушурова деп таныстырған адам видеоүндеу жасап, елге мән-жайды түсіндірді. Жыламсырап отырып сөйлеген сөзінде Адилям Ушурова ол пікірді өзі жазбағанын, белгісіз біреу аккаунтын бұзып кіргенін айтады.

«Мен, Ушурова Адилям. Қазақстан азаматтары! Мені түсінулеріңізді сұраймын! Мен ол пікірді жазған жоқпын. Біреу менің аккаунтымды бұзып кіріп, жоқтан өзгені жазыпты. Оны мен жазған жоқпын. Мен қалай жазамын? Күйеу балам – қазақ, жеңгем, құдашам – бәрі қазақ. Қазақтардың арасында жұмыс істеймін.

Мен егде жастағы әйелмін. Сіздер қалайша соны мен жазды деп ойлайсыздар? Маған тіл тигізіп, қорқытып, фотосуреттерімді жан-жаққа тараттыңыздар. Бірақ оны мен істемедім. Немерелерім қазақша сөйлейді. Халайық, мені кешіріңіздер! Мен қалай сіздерге ақтала аламын? Туыстарым мен достарым да маған: "Сен не жазғансың?", — деп жатыр. Ондай былжырақты жазатын мен соншалықты ақымақпын ба? Егер шынымен жазғым келсе, бірінші кезекте туыстарымның – немерелерімнің, әке-шешемнің суретін өшірер едім.

Қазақстан халқы! Бұл – менің ісім емес. Біреу аккаунтымды бұзған. Қалай түсінсеңіздер, олай түсініңіздер. Соны жазбағаным үшін мені кешіріңіздер», — деді Адилям Ушурова.

Erkebulan Nurekesh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір