• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 14:36:40
Алматы
+35°

10 Ақпан, 2018 Спорт

Әділбек Жақсыбеков жаңа қызметке тағайындалды

Қазақстан футбол федерациясының кезектен тыс конференциясында федерация президенті лауазымына ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков сайланды

Қазақстан футбол федерациясының кезектен тыс конференциясында федерация президенті лауазымына ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков сайланды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Шешім бірауыздан қабылданды. Жалғыз кандидатқа федерацияның жиынға қатысқан барлық мүшесі - 33 делегаты дауыс берді. Әділбек Рыскелдіұлы бір лауазымға алғаш рет сайланып отырған жоқ. Ол бұған дейін 2007 жылы отандық футболға жетекшілік етіп, қызметін 2014 жылдың соңына дейін атқарған еді.  

Сонымен қатар Әділбек Жақсыбековтің кезінде 2013 жылы қарағандылық «Шахтер» командасы Қазақстанның футбол тарихында ең бірінші болып еурокубок турнирінің топтың кезеңіне өтті. Ал келесі жылы Қазақстан бүкіл потскеңестік кеңістік аумағында ең бірінші болып УЕФА конгресіне қабылданды.

Әсел Болатқызы

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір