• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 11:15:34
Алматы
+35°

25 Қаңтар, 2018 Ғылым-білім

Адами капиталға басымдық беру – уақыт талабы

Елбасы Жолдауында айтылған білім-ғылым саласын дамыту туралы міндеттермелер еліміздегі кез-келген жоғарғы оқу орнын қанаттандырады.

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа міндеттері» атты Қазақстан халқына жасаған Жолдауында маңызды деген он міндетке басымдық беріп отыр. Атап айтқанда Қазақстанның индустриясын ең жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналдыру, өндірістік үдерістерді цифрландыру арқылы өнеркәсіптегі еңбек өнімділігін арттыру, ресурстық әлеуетті тиімді пайдалану, өндіріске ақпараттық технологиялық шешімдерді батыл енгізу, агроөнеркәсіп кешенін жаңа технологиялық деңгейге көтеру, көлік пен логистикалық инфрақұрылымды одан әрі дамыту міндеттерін қамтиды.

Президенттің жыл сайынғы Жолдауын ерекше ықыласпен күтеміз. Әсіресе, бізді білім саласы туралы айтқан мәлімдесі аса қызықтырады. Осы жолы да Елбасы Жолдаудың жетінші міндетінде білім берудің жаңа сапасына тоқталды. Ол барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды жеделдету қажет екенін ескертті. Білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы – өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту керектігін айтып өтті.

Сонымен қатар жастар мәселесі, әсіресе, жас ғалымдардың әлеуметтік жағдайын арттыру керектігі жайлы да Елбасы сөз етті. «Жас ғалымдарға ғылыми гранттар аясында квота бөлініп, оларды қолдаудың жүйелі саясаты жүргізіледі» деп айтуының маңызы жоғары. Себебі ХХІ ғасыр-ғылым мен техниканың заманы болғандықтан, қазақ жастары заман көшінен бір елі қалмай ғылымды дамытуға бар күш-жігерін салуы тиіс.

Жолдауда жоғары білім беру жүйесіне қатысты көптеген жаңа міндеттер айқындалып отыр. Атап айтқанда білім берудің барлық деңгейінде математика және жаратылыстану ғылымдарын оқыту сапасын күшейту; оқытудың мазмұндылығына заманауи техникалық тұрғыдан қолдау көрсету арқылы толықтыру; ЖОО-ға шетелдік менеджерлерді тартып, әлемдік университеттердің кампустарын ашу; ұлттың әлеуетін арттыру үшін мәдениетіміз бен идеологиямызды одан әрі дамыту туралы айтылған.

Алматы университеті – заман талабына сай бейімделіп келе жатқан білім беру ордасы. Жылына мыңдаған түлек бітіріп, республикамыздың түкпір-түкпірінде еліміздің көркеюіне өз үлестерін қосып жүр. Университет бітірген түлектердің болашағына ешқашан бей-жай қараған емес. Жолдауда айтылған «жұмыс берушілерді тарту арқылы және халықаралық талаптар мен цифрлық дағдыларды ескере отырып, техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары жаңартылады» және «университеттердегі педагогикалық кафедралар мен факультеттерді дамыту» деген Елбасының сөздері университетіміздің одан әрі көркеюіне дем беретіні анық.

Елбасы Жолдауында айтылған білім-ғылым саласын дамыту туралы міндеттермелер еліміздегі кез-келген жоғарғы оқу орнын қанаттандырады. Біздің университет ұжымы үшін 2018 жыл айтулы жыл болмақ. Оның өзіндік себебі де бар. Жастарды білім нәрімен сусындандырып, тәрбиелеп отырған университетімізге 20 жыл толады. Осыған орай Елбасының жолдауда айтылған білім беру үрдістерін жетілдіруге, оқу бағдарламаларын жаңартуға, цифрлық университетке көшуге бағытталған тапсырмаларын орындау арқылы жаңа межеге жетеміз деген ойдамыз және 20 жылдыққа қосқан ерекше үлесіміз деп білеміз.

Жалпы еліміз қарқынды дамып, дамыған отыз елдің қатарына жетуді мақсат етіп отыр. Елбасының биылғы Жолдауы Қазақстанның үшінші жаңғыруын жаңа белестерге көтерудің нақты бағдарламасы екені айдан анық.

Ермағанбетов Мубарак Ермағанбетұлы,

Алматы университетінің ректоры, химия ғылымдарының докторы, профессор

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір