• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 19:44:02
Алматы
+35°

07 Қараша, 2017 Ғылым-білім

Адамның денсаулығын туған айына байланысты анықтауға болады

Зерттеу барысында қыс мезгілінде, яғни қаңтар мен ақпанда дүниеге келген әйелдердің холестирин деңгейі жоғары болады.

Мамандар медициналық сақтандыру полисі бойынша медициналық көмекке өтініш беру туралы статистиканы талдап, қазақстандық емделушілерге қойылған диагноздың туған айларына байланысты екенін анықтады. Бұл туралы «Kompetenz» СК мәлімдеді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Зерттеу барысында қыс мезгілінде, яғни қаңтар мен ақпанда дүниеге келген әйелдердің холестирин деңгейі жоғары болады, өкпе функциясының төмендеуі мен жүрек-қан тамырлары ауруына жиі шалдығады.

Ал осы айларда дүниеге келген ер адамдар қалқанша безі ауруларына қыркүйекте туғандарға қарағанда көбірек шалдығады.

Ақпанда туған қазақстандықтар көбіне өкпе ауруларына шалдығып жатады. Оларға пневомания немесе өкпенің қабынуы диагноздарын қояды.

Жаз айларында – тамыз бен шілдеде дүниеге кеген қазақстандықтардың кейбірі ғана жүрек-қан тамырлары ауруларына шалдыққан. Бұл айда туғандар көбіне кез келген ауруға төтеп бере алатын жандар. Есесіне жануарлар, өсімдіктер мен кейбір азық-түлік өнімдері осы айда дүниеге келгендердің аллергиясын тудыруы мүмкін.

Қыркүйекте туғандар көбіне асқазан-ішекке байланысты ауруларға тап болып жатады. Оларға тұрақты түрде гастрит, холецистит, панкреатит және асқазан аурулары диагноздарын қояды.

Көктемде дүниеге келген қазақстандықтар невропотолгқа жиі қаралады. Зерттеу нәтижесіне сәйкес, оларға мидың қан тамырларының айналымы бұзылғандықтан цереброваскулярлық ауру диагнозын қояды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір