• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 04:28:13
Алматы
+35°

25 Сәуір, 2018 NEWS

Адам қаққан шенеуніктің көлігінде Өскемен әкімі отырған

Бірақ дәл сол күні қалалық прокуратураға қаза тапқан жігіттің әкесінің досы Риддер ІІБ криминалды полиция бөлімінің бастығы қысым көрсетіп жатқан...

Риддер әкімінің орынбасары 19 жастағы жігітті қағып өлтірген кезде көлік салонында Өскемен әкімі де болғаны анықталды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.  

Айта кетсек, жол апаты кезінде рөлде Риддер әкімінің орынбасары болған.

«Жол апаты кезінде көлік ішінде Құрманбаевпен бірге Өскемен әкімі Тұмабаев та болғаны белгілі болды», деп жазады ШҚО прокуратурасының баспасөз қызметі.

Қадағалау ведомствосынан хабарлауы бойынша, 19 сәуірде Риддер қаласының прокуратурасына қайтыс болған жігіттің әкесі арызданып, апатқа кінәлі жүргізушіні ұстауға уақтылы шара қабылдамағаны үшін ІІБ қызметкерлерін жауапқа тартуды сұраған. 

Бірақ дәл сол күні қалалық прокуратураға қаза тапқан жігіттің әкесінің досы Риддер ІІБ криминалды полиция бөлімінің бастығы қысым көрсетіп жатқанын айтып шағымданған. болатын.  

«Аталған фактілерге қатысты облыстық ІІД Өзіндік қауіпсіздік басқармасы ҚК 370-бабы (қызметтегi әрекетсiздiк) және 362-бабы 4-тармағы (күш қолданып, лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр», — делінген ШҚО прокуратурасы баспасөз қызметінің ресми хабарламасында. 

Қазір қылмыстық істерді тергеу қадағалау ведомствосының бақылауында.

Қазіргі таңда Бауыржан Құрманбаев уақытша ұстау изоляторында жатыр. Өскемен әкімдігі әзірге аталған жағдайға қатысты түсініктеме бермеді. Кеше қалалық әкімдік баспасөз мәслихатын өткізбек болғанымен баспасөз маслихаты өткен жоқ. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір