• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 06:27:16
Алматы
+35°

05 Мамыр, 2017 Кәсіпкер

Адал кәсіпкерге ерекше назар аударылуы керек – Тимур Құлыбаев

Өз ісіне адал кәсіпкер мемлекеттің, баспасөз бен қоғамның ерекше назарында болуы керек

Өз ісіне адал кәсіпкер мемлекеттің, баспасөз бен қоғамның ерекше назарында болуы керек

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев жұмыс сапарымен Алматы облысындағы кәсіпорындарға барып, өңір мәселелерін талқылау үшін кәсіпкерлермен кездесті. Төралқа Төрағасы Талдықорғанда облыс әкімі Амандық Баталов, Өңірлік кеңес мүшелері, құқық қорғау органдарының басшылары, бизнес-қауымдастықтар, банктер мен қаржылық институттардың өкілдері және тауар өндірушілердің қатысуымен кеңейтілген жиын өткізді.

Ұлттық палата басшысы өз сөзінде ісін адал атқарып отырған кәсіпкерлер мемлекеттің қамқорлығында болуы керек екенін атап өтті.

«Біз ҚР Бас прокуратурасымен мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау қызметін азайтуға қатысты маңызды жұмысты жалғастырамыз. Кәсіпкерге қатысты жүргізілетін 28 мың бақылау-қадағалау қызметінің үштен екі бөлігі қысқартылады, қалғаны, бизнес мүддесіне әкімшіліктендіріледі. Біз адал кәсіпкердің мемлекеттік саясаттың ортасында болғанын қалаймыз. Адал кәсіпкер мемлекеттің қамқорлығына алынуы керек. Мұндай кәсіпкерге баспасөздің де, қоғамның да айрықша назары аударылуы тиіс», ­– деді Тимур Құлыбаев.

Ұлттық палата Төралқа Төрағасы Елбасының қолдауымен «Атамекен» ҰКП адал кәсіпкерлердің бизнесті жүргізуіне оңтайлы жағдайды қамтамасыз ету үшін және шағын және орта бизнестен түсетін салық аударымдарының бөлігі сол өңірде қалу үшін қолданыстағы Салық кодексіне өзгерту енгізуге қатысты жұмысты қарқынды жүргізіп жатқанын айтты. Бұл тиісінше жергілікті билікті бизнесті дамытуға жағдай жасауға ынталандырады.

«Біз салық әкімшілігіне қатысты мәселелер туындайтынын кәсіпкерлерден келетін көптеген өтінімнен байқадық. Кәсіпкерлерді заңсыз тексерулерден, салық органдарының сотында немесе басқа да сотта өз мүдделерін қорғау қажеттілігінен шектеу керек. Осы мақсатта министрліктерге өз ұсыныстарымызды бердік. (...) Ұлттық палата сараптамалық пікір білдіріп, сотта қорғайды және адал кәсіпкерлерді қолдау жұмысын жалғастыра береді», – деп нақтылады Тимур Құлыбаев.

Алматы облысында кәсіпкерліктің 118 мың субъектісі жұмыс істейді, оның ішінде 97 мыңы, яғни 82%-ы ауылдық жерде.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір