• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 12:27:30
Алматы
+35°

25 Сәуір, 2018 NEWS

"Абу-Даби Плазадаға" шиеленіс: Астана тұрғыны сотталды

Сот оны ҚР ҚК 174 бабы 1 бөлімі бойынша кінәлі деп тапты.

Астана тұрғыны ұлтаралық және әлеуметтік араздықты тудырды деген күдікпен сотталды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

Астана тұрғыны "Абу-Даби Плаза" күзетшілері мен шетелдік қызметкерлердің арасындағы шиеленіс кезінде әлеуметтік желіде заңға қайшы әрекеттерге шақырған.

«Сот оны ҚР ҚК 174 бабы 1 бөлімі бойынша кінәлі деп тапты. Ер адам әлеуметтік желі арқылы "Абу-Даби Плазада" құрылыста жұмыс істейтін шетел азаматтарына қарсы әрекет етуге шақырған» деп хабарлады №2 Есіл аудандық сот төрағасы Қанат Тобағалиұлы.

«Facebook арқылы ол адамдардан көмек сұрап, шетел азаматтарына қарсы әрекет етуге шақырған, бірақ тексеру жұмыстары кезінде оның жаман ойы болмаған. Болған жағдайды көргенде әлеуметтік желіге жазған» деді судья.

Астана тұрғыны 2 жылға бас бостандығынан айырылған, бірақ сот шешіміне қатысты шағымданғаннан кейін 1 жылға қысқарды.

Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылы қыркүйек айында Астанадағы "Абу-Даби Плаза" аумағында Үндістан мен Қазақстан жұмысшылары арасында шиеленіс болды. Ол уақытта күзетші мас күйіндегі Үндістан азаматын сырқа шығармаған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір