• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 23:03:52
Алматы
+35°

11 Қазан, 2017 Кәсіпкер

Әблязов, Храпунов және Трамптың арасында қандай байланыс бар?

Журналистер Әблязов, Храпунов және Трамптың байланысы жөнінде деректі фильм түсірді.

Голландық Zembla телевизиялық бағдарламасы Сыбайлас жемқорлық пен ұйымдасқан қылмысты зерттеу орталығымен бірлесіп АҚШ президенті Дональд Трамптың бұрынғы бизнес серіктесі Феликс Сатер, Алматының экс-әкімі Виктор Храпуновтың отбасы мен БТА банктің бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязовтың байланысы жайында деректі фильм түсірді. Бұл туралы Tengrinews.kz порталының тілшісі мәлім етті, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Фильм авторлары түсірілімдер үшін Кипр, Белиз, Нидерланд, Украина, Қазақстан және АҚШ елдеріндегі компаниялардың, сондай-ақ сот отырыстарының құжаттарын, сондай-ақ сұхбаттарды зерттеген. Картина авторларының хабарлауынша, Bayrock компаниясы мен Сатер мен Храпуновтың бірлескен кәсіпорыны – Казбей ақшаны жылыстатуға арналған схемаға қатысы бар деп айыпталды. Бұдан бөлек Мұхтар Әблязов пайдаланған голландық компанияның да рөлі қаралды.

Сондай-ақ Сатер мен Храпуновтың миллион долларға мәміле жасаған сәті айтылды. Картинаға сәйкес, қазақстандық билік Храпуновтың схемасының арқасында Әблязовтың да қаржысы тазартылғанын мәлімдеген.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір