• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 12:17:25
Алматы
+35°

20 Қаңтар, 2018 NEWS

Абай болыңыз! Бірнеше аймақта дауылды ескерту жарияланды

Астана қаласында 23-26 қаңтар аралығында түнде -35-40°С, күндіз -27-32°С күтіледі

Қазгидромет Қазақстанның бірнеше облысында қатты аяздың салдарынан дауыл болатынын хабарлады. Алдағы күндері бірқатар аймақтарда аяз болады.

22-26 қаңтар аралығында Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында ауа температурасы түнде -35-40°С дейін жетеді, 24-26 қаңтарда -45°С, күндіз -27-32°С, кей жерлерде -35°С күтіледі.

22-26 қаңтар аралығында Қостанай облысында түнде -33-38°С, күндіз -20-25°С күтіледі.

Астана қаласында 23-26 қаңтар аралығында түнде -35-40°С, күндіз -27-32°С күтіледі.

Денсаулық пен өмірдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қысқы кезеңде, табиғи гидрометеорологиялық құбылыстар болған жағдайда тұрғындарға ҚР ТЖК ұсынымдары туралы танысу кажет.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір