• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 09:13:02
Алматы
+35°

24 Сәуір, 2018 NEWS

Абаев: «Астана – 1» ақпараттық жүйесін құру туралы тапсырма бекітілді

Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңына сәйкес Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Астана 1 ақпараттық жүйесін құру...

Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңына сәйкес Ақпарат және коммуникациялар министрлігі «Астана – 1» ақпараттық жүйесін құру туралы техникалық тапсырманы бекітті деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Ақпарат және комуникациялар министрі Дәурен Абаев бүгінгі Үкімет отырысында Үкімет отырысында «2018-2027 жалдарға арналған етті мал шаруашылығын дамыту» бағдарламасының тұжырымдамасын таныстыру барысында мәлімдеді. Дәурен Абаевтың айтуы бойынша, экспорт және импорт саласындағы лицензия мен рұқсат құжаттары бойынша 42 мәлімет беріледі. 

«Бұл жоба іске қосылғаннан кейін азын-аулақ қателер кездесті. Алайда қазір аталған қателер толық жойылды. Сонымен қатар мемлекетіміздің аумағына радио-электрондық және жоғары жиеліктегі құралдарды әкелуге қорытынды және импортқа лицензия беруге ыңғайлы қылу мақсатында жол картасы әзірленіп бекітілді. Жол картасы келесі жұмыстарды оңтайландырады. Біріншіден, қызмет көрсету мерзімі 26 жұмыс күнінен 8 жұмыс күніне дейін қысқартады. Екіншіден, талап етілетін құжаттар санын азайтады. Үшіншісі атқарылатын жұмысты толығымен автоматтандыруға дейін көшуді көздейді. 2017 жылдың соңында мемлекеттік кірістер комитеті «Астана  1» ақпараттық жүйесінің электрондық қызметін толық енгізуге байланысты арнайы сұраныс жолданды. Онда байланыс арналарының ішкі және сыртқы пунктарын өткізу қабілетін ұлғайту туралы айтылған», — деді Дәурен Абаев. 

Сонымен бірге Дәурен Абаев «Астана  1» ақпараттық жүйесінің жұмыс істеуі үшін 119 нысанға арнайы байланыс каналдары қолданылатынын айтты. 

«Олардың 48 әкімшілік 71 кеден бекетімен пайдаланылады. Яғни 63 кеден бекеті жердегі байланыс каналы арқылы 8 кеден бекеті спутниктік байланыс арқылы қосылған. Қазіргі уақытта министрлік ұлттық ақпараттық технологиялар акционерлік қоғамы және байланыс операторлары бірлесіп кеден бекетіне байланыс каналдарын өткізу қабілетін ұлғайту бойынша жұмыстарды жүргізіп жатыр. Осылайша 2018 жылы 12 кеден бекетіндегі байланыс ұлғайтылды. Ал биылғы жылдың екінші тоқсанында 52 бекеттегі байланыс жылдамдығы арттырылымы жоспарланып отыр. Қосымша 7 бекет бойынша техникалық мүмкіндіктер қарастырылып жатыр», деді Ақпарат және коммуникациялар министрі. 

Әсел Болатқызы

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір