• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 09:18:33
Алматы
+35°

26 Қаңтар, 2018 NEWS

8 жастағы оқушы емтихан үшін үскірік аязда мектепке 5 км жерді жүріп келген

Қазіргі оқушылар мектептегі сабақтардан қашып құтылу үшін кез келген айлаға барады

Қазіргі оқушылар мектептегі сабақтардан қашып құтылу үшін кез келген айлаға барады. Алайда Қытайда сегіз жастағы бүлдіршін барлық саусақ бірдей емес екендігін дәлелдеді. Ол үскірік аязға қарамастан емтихан тапсыру үшін  бес шақырым қашықтықта орналасқан мектепке жаяу жүріп барған. Кішкентай бүлдіршіннің бұл іс-әрекеті желіде қазу талқыға салынып, өзі «Қар адамы» деген атқа ие болды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасай отырып.

Қытай

Мектепте емтихан болған күні ауа температурасы -9 Цельсия градусқа төмендеген. Алайда мұндай ауа райы сегіз жастағы баланы тоқтата алмады. Ол ары қарай білімін жалғастыру үшін 5 км жүріп өтіп, емтиханға келген. Белгілі болғандай, бұл бала кедей отбасыда тәрбиеленеді екен және де құрдастарының арасында көп мазаққа қалады. Ол білім алу арқылы болашақта өзінің отбасын қамтамасыз ете алатындығына сенеді.

Қытай

Мектепке жеткенше бала қатты тоңып қалған, себебі бас киімсіз, жеңіл күртешемен келген екен. Ал оның қолдары қатты аяздың салдарынан үсіп қалған. Дегенмен сегіз жастағы оқушы маңызды емтиханға үлгеріп келгендігіне қатты қуанды.

Қытай

Білім ордасының директоры кедей отбасынан шыққан оқушыларға тегін таңғы ас беру арқылы көмек көрсетіп жатқандығын айтты. Алайда қаржылай көмек көрсетуге жағдай жоқтығын айтып, тіпті мектептегі сыныптарды жылытуға қаражат таппай отырғандығын мәлімдеді.

Қытай

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір