• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

06 Мамыр, 21:28:34
Алматы
+35°

Қазақстанда мемлекеттік елтаңбаны өзгерту мәселесі бойынша сарапшылар тобы құрылады. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді. 

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлттық құрылтайда алға қойған міндеттерін жүзеге асыру бойынша кешенді іс-шаралар жоспары бекітілді. Қазіргі таңда мемлекеттік елтаңбаны өзгерту мәселесін талқылау үшін депутаттар мен қоғам қайраткерлері, тарих, филология, археология, антропология және әлеуметтану саласының ғалымдары арасынан сарапшылар тобы жасақталып жатыр”, – деп мәлімдеді ол.

Барлық аспектілерді объективті қарастыру үшін мәдениет және ақпарат министрлігі жанынан комиссия құру жоспарланып жатыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір