• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

09 Мамыр, 19:41:39
Алматы
+35°

2024 жылдың қаңтар айының 15-20 жұлдызы аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің https://farabi.university 90 жылдығына орай, сондай-ақ тұрақты даму мақсаттары (ТМД-3) аясында жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін ҚазҰУ  студенттері арасында 50-ші «ДЕНСАУЛЫҚ» спартакиадасы өтті. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың интернационализация және рекрутинг кеңсесі ұйымдастырған шараға спортқа жаны құштар  150-ге жуық факультет жастары қатысты. Жалпы жарыс спорттың 9 түрінен өтті. Яғни қатысушылар бадминтон, шахмат, кибер спорт, футбол секілді түрлерінен бақ сынады.  Бірнеше күнге созылған жарыстың нүктесін шахмат ойындарымен аяқтады. Бұл спорттық  жарысқа ҚазҰУ студенттер арасынан 15-ке жуық үміткер қатысты. Дүбірлі доданың бәйгесінде алдына десбермей «Жүзден жүрік, мыңнан тұлпар» шыққан ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫНЫҢ  тыңдаушылары    жүлделі үштік қатарынан көрініп, факультет қоржынына екі бірдей жүлделі орынды салды. 26-топ тыңдаушысы Бахытбек Айтолхын І орын иеленсе 4-топ тыңдаушысы Нұргелді Айп 3 орынға шықты. Шахматты қатар алып жүрген Моңғолия елінде таэквондодан қара белбеу қара күш иесі Айтолхынның Атажұрттағы алғашқы жеңісі. «Атамекендегі жеңіс мені ерекше толғандырды. Елде жүргенде ата-анам ылғи бабамыздың аманаты - «өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол…» дейтін. Осы сөздің мағынасы бүгін тұла бойымды шымырлатты. Моңғолияда жүргенде талай жарыста топ жардым ,бірақ бүгінгі жарыстың жеңісі қанымды тулатты. Осы жарысты ұйымтастырып отырған Фараби университетінің басшылығы мен интернационализация және рекрутинг кеңсесі және де жеңіске жетесің деп шабыт берген кураторымыз Мужигова Гүлназира апайға, дайындық факультетінің басшылығына алғысым шексіз. Қарашаңырақта оқу біздер үшін - үлкен мәртебе. Біз сияқты әр елден келген қазақ жастарына үлкен мүмкіндік беріп, бұлақ көзін ашып отырған білім ордасының ректоры Жансейіт Түймебаев мырзаға алғысымыз шексіз! Біз сияқты жырақта жүрген ҚАЗАҚ жастарын үлкен өмірге бастау алған қадамымызды нақтылап, қанатымызды қатайтып, биікте самғауда үлкен үлес қосып отырсыз. Бүгін де жеткен жетістіктеріміз - сіз басқарып отырған білім ордасының ұлағатты ұстаздарының еңбегінің жемісі. Мерейтой  құтты болсын! Жасай бер, ҚазҰУ-ым!»

Бір ғасырлық тарихы бар Фараби университетінің жастары білім, ғылымнан ғана емес спорттанда үздіктер қатарында екенін бүгінгі өткен дүбірлі дода осының айғағы.

ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының оқытушысы Г.М. Мужигова,

ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының тыңдаушылары Қайырқызы Айбиби Мәданибек Перизат (ҚХР)

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Алматы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір