• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

04 Мамыр, 18:07:32
Алматы
+35°

БІРІНШІ БӨЛІМ

КИІЗ ҮЙДІҢ ЕРЕКШЕЛІГІ

Қазақ халқының киіз үйі - баспана ғана емес. Қазақ халқының әлемдік дүние танымының нақты, затты көрнісі. Күллі ғалам мен адам арасын байланыстырушы. Сыртқы қаскөй тілсім күштерден қорғаушы, заттық мәдениетінің алтын жауһары. Қазақ халқының рухани мәдениеті мен заттық мәдениетін сақтаушы, ұлт тарихын ұзақ сақтап келген ең құнды, ең көне асыл жәдігері.
Киіз үйдің ішкі кеңістігі қазақ дүние танымындағы ұлы ұғымдар бойынша орналастырылған. Есіктен кіргендегі оң жақ , төрде отырып қарағандағы сол жақ - үйдің " Оң жағы" деп аталады. Ол ата- ананың орны. Сол жақ - тұрмыс құрмаған, үйленбеген ұл мен қыздың орны. Үй ортасы - ошақтың орны. Есіктен ошаққа дейінгі аралық - "Есік жақ", "Босаға жақ" деп аталады. Ошақтан төрге дейінгі аралық- " Төр" немесе " Төр жақ" делінеді.
Үйдің айнала етегі - " Ірге" , " Үй іргесі" деп атайды. Қазақ - бақ үйдің шаңырағында, босағасында, төрінде, от орнында, керегесінде, іргесінде , табалдырығында тұрады деп ырым етеді. Үйдің сол бөлектерін таза , ретті етіп, аялап ұстайды.
Қазақ киіз үйі - таным дүниесінің обиектісі. Әлемдік дүние танудың үздік құралы. Он сегіз мың ғаламның шағын бейнесі. Аспан мен жер , тұтас әлем тіршілігіндегі мифтік аңыздардың

жиынтығын өз құрлымына сыйғызған адамзат таихындағы ғажайып астрономиялық бір егей баспанасы , ұрпағын бақытты етіп өсіретін, ата дәстүрімен жан - жақты білімді етіп жетілдіретін құт ұясы, білім беретін, өмір үйрететін киелі жұрты деуге болады.
Киіз үйдің ең басты символы - оның
конус және шеңбер пішінді жасалуы . Одан да кереметі шығыстық сәулет мәдениет өнерімен жасалған, бөгенайы бөлек , пішіні ерек өзіне тән, қайталанбас дара стиль өнері болып табылады.
Қазақ - киіз үйдің шеңберін тіршіліктің көзі , дүниенің кіндігі , өмірдің нүктесі деп қарайды. Сол нүктеге тіршілікті әкеліп орналастырса, оның айналасындағы , бірдей қашықтықтағы әр алуан нүктені жанай өтетін сәуле сызықтары , өзі басталған нүктесінен тұйықталып келіп, дүниенің кіндігінде тұрған тіршілікті үйіріле айналып , сәуле шеңбер қалыптастырып тұрады. Содан барып бір нүктесі екінші нүктесінен аспайтын , не кемімейтін дөңгелек шеңбер қалыптастырады. Одан ары қарай ол шеңберді шыр айналып тұрған, үлкен әлем қоршаған су жаңа бір кіші әлем жасап шығады. Міне, қазақ киіз үйі осындай ғажайып ой ағынынан туған, философиялық , логикалық тұжырымдардың және дүние танымдық ғылыми жүйенің негізгі пренсіптерін басшылыққа ала отырып математикалық , геомериялық , метефизикалық есептеу әдісімен жасаған , адамзат тарихындағы ең озық баспана қатарына жатады.
Киіз үйдің - күмбез тәріздес шаңырағынан бастап, қасиетті табалдырығына дейінгі , әр алуан құрлымдық бөлшектері , үй жабдықтары түп- түгел қазақтың салт пен дәстүріне негізделіп жасалған,. Бәрі бебеу тілмен сайрап сөйлеп түр. Тілсіз , ойсыз, дәстүрсіз бөлшек жоқ. Қошқар мүйіз ою салынған, төрге төселген сырмағы мен текеметі, кілеміне түскен алтын ирімді өрнектер , зер сандықтарға ойып басқан оюлар, ыдыс- аяққа жарасқан нақыштардың бәрі көзге үрып, көңілге сыр тоғыттады. Бәрі дөңгеленген дүниенің сырын шертеді.
Қазақ киіз үйінің жоғары қабаты мен төменгі қабаты арасы - ішкі дүние мен сырты дүниенің шекарасы сіпеттес. Шаңырақ арқылы үй иелері көк аспанға бағып, күнмен, аймен, жұлдызбен сырласады. Мұның дәлелі қазақтың жаңа түскен жас келіні күннің көзі алғаш көрінген сәтте, қолына бақан алып, үй түндігін өз қолымен түреді. Бүл сырттың жарығын үйге түсірген келіннің, көңіл жарығы да үйге күн сәулесімен бірге түсін деген жақсы ырымы.
Қазақ киіз үйдің керегесі - шеңбер, шаңырағы мен уық ұстап тұрған жоғары бөлегі күмбез болып келуі - көк аспан мен жердің арасын байланыстырып түрған ғажап қосылыстың символы деуге болады.
Оның тәбиғат пен жаратылыс дүниесіне жарасымдылығы өте ғылми тұрғыдан нақты зерттеліп жасалған. Қай бағыттын дауыл тұрып, боран соғып, жел үрлеседе дөп- дөңгелек киіз үйді айналып өте береді. Киіз үйге күш түсіре алмайды. Жауған жауын мен қар да , жоғарыдан төмен сырғып құлай береді. Ал жер сілкінседе қай бағытқа шайқаса да кйіз үй ешқандай тепе теңдігінен айырылып қалмайды.
Қазақ киіз үйінің ауасы тәулік бойы
тәбиғи түрде ауысып, ішкі ауа мен сыртқы ауа үзілмей жалғасып тұрады. Жарық сәуле шаңырақ пен есіктен кіріп, үйді жарқыратып тұрады. Үйдің тынысы кең болады. Бұл адамдардың мінезіне ерекше әсер жасап, көңіл күйін керемет ұстауға үлкен рол атқарады. Денсаулығының мықты болуына мол септігін тйгізеді.
Қазақ киіз үйі - тұтас жаратылыс дүниесінің қасиеттерін , өз бойына толық сіңірген тивтік күмбезді құрлым болып табылады. Қыйық шар пішінді төбесіне орналастырған шаңырақ - үйдің жоғары қабатындағы бүкіл салмақты ұастап тұрады. Шаңырақ - үйдің еңсесін көтеріп ұстап тұратын дөңесті күмбез. Шаңырақтың дөңгелек шеңбері " Тұғын" деп аталады. Тұғынды механика тұрғысынан қарағанда , шеңбер пішініне жатады. Оған қысым күш түскенде , кұлдіреуіш арқылы ол қысым күшті тұғынға шаншылған уықтарға қарама - қарсы жаққа бөліп таратып түрады. Шаңыраққа салынатын күлдіреуіштің саны , үйдің үлкен- кішілігіне қарай белгіленетіні , кысым күш пен салмаққа қарай есептелетіні содан. Жалпы алғанда киіз үй унуерсалды ғылыми жолмен есеп арқылы жасалған ғаламдық , ғарыштық модель деуге болады.
Қазақ киіз үйі - он балдан асатын жер сілкінісіне төтеп береді. Жауын - шәшінға , боран - шапқынға , ыстық - суыққа төзімді. Көшіп - қоып жүргенде, бір жерден бір жерге жөткеп құруға өте қолайлы. Еш қандай қиындық тудырмайды. Соған орай қазақ дәстүрі бойынша , көрші ауыл да апат болығанда, оларға киіз үй апарып, көмек көрсету, үлкен той салтанаты болғанда киіз үй тігіп көмектесу , екі жас некеленіп , той жасап отау көтергенде, не отауға енші бергенде киіз үй сыилау, тарихта өткен ұлы адамдарға ас бергенде, батыр, балуан, көсем - шешен, дана адамдарға сый көрсеткенде, кедей адамдар баспасыз қалғанда , оларға киіз үй тігіп беріп , баспасасын шешіп беру қазақ халқының ежелден келе жатқан жақсы салт, тамаша берекелі дәстүрі. " Үйі бардың - күйі бар, үйсіздің қандай күйі бар" деген тұрақты сөз тізбегіндегі ұлы ұғым осы дәстүрлі мәдениетті дәлелдейді. Бұл дәстүрдің өте үзақ қалыптасу барысы, бес мың жылға жалғасқан ұлы тарихы бар.

ЕКІНШІ БӨЛІМ

КИІЗ ҮЙДІҢ ІШКІ МАЗМҰНЫ

ТӨР ЖАҚ

Киіз үйдің - төрі деп есікке қарама - қарсы орналасқан ортасын " Төр жақ" деп атайды. Төрге ең сыйлы, ең үлкен, ең құрметті қонақтарды отырғызады. Екінің бірін төрге шығара бермейді. Төрде кие бар, құт бар. Оған ниеті жаман адам отырса, үйден ырыс айнып , бақ қашады деп ырым еткен.
Бағы замандарда киіз үйдің төріне ақ пен қара түске боялған сырмақ не текеметтер салып қоятын болған. Мұнда екі түрлі мағына болған. Бірі төрге отырған адам ақ - қаранының ара жігін ажырата алатын дана адам отырсын десе, екінші егер жақсы адам отырса, ақ ниетінен жасаған батасы дарысын, ал жаман қара ниетті адам байқаусызда отырып қалса, жамандығын қара сырмақ көтереді деген ескі нанымның туындысы деуге болады.
Қазақтың хан, бй - сұлтан, қазылары бйлік айтқанда төрде отырып айтатын болған. Бұл дерек VII ғасырдағы " Орхон- энисес " жазбаларындағы " Төр тағылымы" сөздігінде баяндалады.
Үйдің төрі - қонақ күту, дастархан жаяу, қонақтарға төсек салу, жүк жинау
мақсатында пайдаланады. Қазақ ғұрпында келіндер мен күйеу бала төрге шықпайды. Олай етсе әдепсіздік саналады. Үйдің үлкендерін силамаған болып есептелінеді. Қазақ үйіне келген қонағын
"Төрлетіңіз", " Төрге шығыңыз" деп ілтипат білдіреді. Олай айтпаса, келген қонақ ренжіп қалады.
Ал ұзатылып кетіп, төркіндеп келген қызын төрге отырғызады. Қызды есік жаққа отырғызса, кедейлік басады деп ырым етеді. Қазақта " Қыз - төр иесі, ұл - үй иесі" , " Төрден кеткен , есіктен де кетеді" деген тәмсіл бар. Кейде қызына құда түскен құдаларын үнатпағанда, " Төріме шырармаймын", " Төріме отыруға жарамайды" , " Жаманға төрімді таптатпаймын" деп жатады. Міне , осы ұғымдардан қазақтың төрінің қанша қасиетті екенін түсінуге болады.

ОҢ ЖАҚ

Киіз үйдің есігінен кіргендегі сол жағы, төрден есікке қарап отырғандағы, оң жағы - " Үйдің оң жаңғы" деп аталады. Оң жақ босаға ерлердің сиволы саналады. Қазақ дәстүрінде үйдің оң жағына ұл балалар, келген қонақтың ішіндегі жас жігіттер отырады. Оң жақ босағаға ер- тұрман, ат абзелдері, бүркіт, киім- кешек т.б . басқа нәрселер қойылады.
Жаңа түскен келінді табалдырықтан оң аяқпен аттатып, оң жақ босағада қарсы алады. Оң жаққа төсек салып , оң жаққа түсіреді. Қазақта " Оң жағын қызартып келін түсірді" деген сөз тіркесі осыдан қалған.
Қаййтыс болған адамды да оң жаққа түнетіп, оң жақтан арулап бахиға аттандырады. Сырттан келген адам үйдің оңжағынан келеді, табалдырықтан оң аяқпен аттап кіреді, оң аяқпен аттап шығады. Қонаққа оң қолын беріп амандасады. Қазақта оңға қатысты бес мыңнан аса жол- жоралғы бар. Қазақ ұғымында киіз үйдің оң жақ босағасы, адам баласының бір әлемнен екінші әлемге өтетін көпір сынды рол атқарады. Сондықтан істің ілгерлеуі мен кері кетуі , ол істің оңнан басталған , басталмағанына байласысты деп ырым етеді. " Оңнан басталыпты" , " Ісі оңғалы тұр екен", " Оң болыпты" , " Оң жол түсіп тұр екен" деген тұрақты сөз тіркестері осыны дәлелдейді.

СОЛ ЖАҚ

Есіктен кіргендегі оң жақ, төрден есікке қарап отырғандағы сол жақ үйдің " Сол жағы " деп аталады. Қазақ ғұрпында - киіз үйдің оң жағы ерлердің , сол жағы әйелдердің іншісі деп қарайды. Сол ғұрыптың негізінде дастархан мәзіріне қатысты ыдыс- аяқ, қазан- бақыр, астау - табақ, тегене- су қадыралары, саба- торсық сынды заттар үйдің сол жақ босағанынан өрлей қойылады. Асадал, кебеже де сол жаққа орналастырылыды. Сондықтан үйдің сол жақ бұрышын "Өреше" немесе " ырыс құт" деп атайды.
Бағы замандағы ата дәстүрінде ер адамдар қазан - ошақ жаққа араласпайды. Олай етсе, үйден бақ тайып, құт үркеді, ер адам өсекшіл болып кетеді. Ер - жүз сақтайды, әйел - үй сақтайды. Олардың орны ауысса, үйде береке болмайды деп ырым еткен. Қазақ тіліндегі
"Қазан басшы еркек", "Қатын басшы еркек" деген сөз осыдан қалған. Қазан иесі - қатын, отын иесі - еркек. Қазан майлы болмай көңіл жайлы болмайды. Отын түзу жанбай түтін түзу үшпайды деген мақалдың мәйегінде өмірдің мәнді мәселерері қамшы өріміндей жымдасып өріліп жатыр.

ОТ ОРНЫ

Қазақ киіз үйінің хақ ортасына от орны , ошақ орнын орналастырылады. Бұл осы үйдің түтатас тіршілік тынысының символы бодып есептеледі. қасиетті орын деп есептеледі. Сол үйдің берекесін , бірлігін, тұрмыс - тіршілігін , байлық - бақытын ошағына , жанған оттан шыққан түтініне қарап бағалайды. " Түтіні түзу ұшқан жанұя", " Ошағы майлы отбасы",
" Оты маздап жанып тұр", " Ошағыннан оты сөнбеген жұрт" деген сөз тіркестері сол отбасының тіршілігінің дұрыс , берекесінің жақсы, әл- қуатының жоғары, мәтериялдық хал - ақуалының тұрақты екенін білдіреді.
Үйдің еркегін - отағасы, әйлін - отанасы деп атауы осыған байланысты айтылған.
Кейбір берекесі кеткен, құты қашан , хал - ақуалы нашар отбасының бейнесін
" Түтіні бықсыған отбасы", " Шаласы жанбаған " деп ошақтағы отына қарап бағалайды. От пен су - тіршілік көзі , тұрмыс нышаны. От орнын баспайды, от жаққан жерге түкірмейді, далаға жанып түрған шаланы өшірмей шығармайды. Сондықтан қазақ жанған отына су қүйып өшірмеген. Оттың өшуін қаламаған. Әсіресе от орнындағы суып қалған күлін де балаларға шаштырмаған. Әуелі елі көшіп кеткен иен жұртта шашылып жатқан ошақ күлдері мен ақ жоңқа сүйектерді, қоқыстарды көргенде, " Жұртын жұттаған жұтықсыз жандар" екен деп сөгіс айтатын болған. Жалпы алғанда ошақ күлін шашуды өте бір жаман ырымға бағалаған. Себебі үй адамдарын жеке - жеке атамай - ақ, бір ауылда қанша түтін бар деп , түн санымен есептей салатын тамаша Си́мволдық есептеу тәсілдері де болған.
Бұл бағы дана бабалармыздың экологияны көз қарашығындай қорғай білген , аялай білген дана білімдерінің жемісі деуге болады. Содықтан қазақ ырымы - қазақ ғылымы деп таныған үстіне тани түсу , бәрінен қаймақты қасиет деп қабылдаған абзал болмақ.

ҮШІНШІ БӨЛІМ

КИІЗ ҮЙДІҢ СҮЙЕГІ

Киіз үйдің негізгі ішкі қаңқасын құрайтын шаңырақ, уық, кереге, есіктерін ( сықырлауық) "Үйдің сүйегі" деп атайды.

1. ШАҢЫРАҚ

Шаңырақ - киіз үйдің тұтас қаңқасын тұтастырып ұстап тұратын , ең бйік төбесіне орналастырылған күлдіреуішті күмбез тәрізді шеңберді, қазақ тілінде " Шаңырақ" деп атайды. Шаңырақ жасайтын шеберлерді " Шаңырақшы" деп дейді.
Шаңырықтың үлкен- кішілігі үйдің үлкен - кішілігіне қарай жасалады. Шаңырақ шеңберінде уық қаламын кіргізіп ұстап тұратын төрт бұрышты жағалай тесілген тесіктер болады. Оны " Уық көз" немесе " Шаңырақ көз" деп атайды. Әдетте төрт қанат үйлердің шаңырақ көздері елу не алпыс көзді болып келеді. Сегіз қанат үйлердің шаңырақ көздері жүз, жүз жиырма көз болып тесіледі.
Ал үйдің көлемі , дияметрі үлкейген сайын , оның шаңырағы да қоса үлкейіп отырады. Шаңырақ көздерінің саны уық пен кереге басының санына байланысты болады. Қалыпты үйлердің шаңырағы 1.80 см ден 2.20 см гедейін болса, отыз қанатты ақ сарайдың шаңырақғы 8 - 9 метрге дейін ұлғаия береді.
Шаңырақтың төбесін күмбез бейнесіне келтіріп , оның үстіне жапқан түндікті көтеріп тұратын , доға тәрізді илген үш- үштен айқастырып орнатқан доға ағашты
" Күлдіреуіш" деп атайды. Кей өлкелерде күлдіреуішті - " Желдік" немесе " Шабақ" дейді. Киіз үйге күлдіреуіш арқылы жарық түседі. Ортаға жаққан оттың түтіні де сол күлдіреуіштен сыртқа шығады. Күлдіреуіш 45 градус шамасында доға болып иліп тұрғандықтан, оның үстіне жапқан түндіктен жаңбыр мен қар оңай төменге қарай сырғып түсіп кетеді. Соққан боран мен жел де тез айналып өтеді. Қауіпсіздігі өте кемел жасалған, берік орналастырылған.
Қазақ шаңырағы жасалу ерекшелігіне қарай " Шабақ шаңырақ" ,
" Табақ шаңырақ" болып екіге бөлінеді. Ортасын тегіс ағаштан оюлап, күлдіреуіштің әр жеріне көлделең шабақ салып, әр түрлі нақышпен жасаған жайпақ шаңырақты " Табақ шаңырақ" десе, ортасын табақсыз күлдіреуіштен ғана жасаған түрін " Шабақ шаңырақ" дейді.
Шаңырақтың күлдіреуіші де шаңырақ үлкейген сайын саны арта түседі. Кіші шаңырақтың күлдіреуіші екі - екіден төртеу бола, орта үйлердің шаңырағының күлдіреуіші үш - үштен алтау болады. Ал одан да үлкен үйлердің шаңырағының күлдіреуіші алты - алтыдан он екіге дейін арта береді. Үйткені бүкіл үйдің құрлымдық салмағы шаңырақтың күлдіреуішіне сүйеніп тұрады. Жалпы алғанда шаңырақ үйдің өз салмағынан басқа сыртқы жел мен боран, жауын - шашынның да қысым күшін көтереді. Содықтан шаңырақ - киіз үйдің жүк көтерген қара нары деуге болады.
Күлдіреуішті - қосып үстап тұратын ағашты " Қағаша" немесе " Бақалық " деп атайды. Қазақтың шаңырақ жасайтын қас шеберлері шаңырақты бояу, оюлау, өрнектеу, көмістеу, алтындау, сүйектеу тәсілдерімен көз тартатын етіп , барынша көркем жасайды. Басты беріктігіне назар аударады. Шаңырақтың екі жағына терме, өрме бау тағады. Оны " Желбау" деп атайды. Ол үй тіккенде , шаңырақты жоғары бақанмен көтергенде , сол желбаудан үстап тұрып көтереді. Ол шаңырақтың тепе теңдігін сақтайды. Одан сырт қатты боранды күндері сол желбауға құм - тас салған ауыр заттарды байлап қояды. Сол кезде ұйтқыи соққан боран үйді жыға алмайды, құлатып , қиратып кетпейді. Шаңырақ салмағы ауырлаған сайын үй орныға түседі. Қауіпсіздігі артады. Қазақтағы "Салмақты шаңырақты жел шайқамас" деген тәмсіл сөз осыдан қалған.
Қазақ дәстүрлі ұғымында - киіз үйдің ең қасиетті, ең киелі заты - шаңырақ болып саналады. Үй , отбасы деген ұғымдардың орнына " Шаңырақ " дейді. Үлкен үйді
" Қара шаңырақ" дей салады. Көшкенде ең күшті , ең маңдай алды атан түйеге шаңырақты айырым артып көшеді. Көштің алдында алып жүреді. Артқы түйнге, не арық түйеге артпайды. Барып қонған , ерулеген жерде шаңырақты басқа жүктерден бүрын түсіреді, таза бйік жерге қояды. Ойпат , шұңқыр жерге қоймайды. Олай етсе шаңырақтан құт қашады , үй байлығы сарқылады деп ырымдайды. Шаңырақты шалқасынан шалжитып тастамайды. Ерулеп көшіп кететін жерге қойғанда да, шаңырақты туырдық, түндікпен жауып бйік жерге ,ит сарымайтындай етіп қоршап қоғап қояды.
Қазақ ырымында - шаңырақтан аттамайды, шаңырақа түкірмейді, шаңырақты боқтамайды, шаңыраққа тас лақтырмайды, шағңыақты қарғамайды, шаңырақты ластамайды, таза күтіп ұстайды. Шаңырақтың киесі атады деп қорқады. Көпсіп көбіп сөйлеген әлде біреулерге " Шаңыраққа қара" ,
"Шаңыраққа бақ" деп ескерту жасайды.
Ал шаңырақ тозса, істетуге келмей қалса, онда оған ақ тамызып өртеп жібереді де, күлін бйік өскен бәйтеректің түбіне , таза жерге көмеді. Сүйтсе бәйтерек қаулап өсіп тұрады деп ырымдайды.
Қазақ тіліндегі қара шаңырақ сөзі - өз кезінде атадан балаға қалған үлкен үй деген заттық ұғымды ғана білдірсе, кейін келе ұлт мәдениетінің, дүние танымдық әлеметтік кең мағыналы ұғымына ұласты. Әлемдік танымал ұлы ұғымға айналды. "Мәдениеттің қара шаңырағы", " Өнер қара шаңырағы", " Киелі шаңырақ" , " Қасиетті шаңырақ" , " Қазақ мемлекетінің қара шаңырағы" , " Әлем елдерінің ортақ қара шаңырағы" , "Қазақстан Жазушылар Одағының қара шаңырағы" Т.Б. Тәрізді тым терең, мағынасы салқар рухани ұымдарды белдіретін болды.

2. ЕСІК ( Сықырлауық)

Киіз үйдің есігі - екі түрлі мәтерялдан жасалады. Бірі - жарылып ашылатын ағаш есік. Оны " Сықырлауық" деп те атайды. Екіншісі - киізден жалалатын , түріліп ашылатын киіз есік. Оны " Киіз есік " деп дейді. Бұл есіктер үйдің жылуы мен беріктігін , қауіпсіздігі мен кіріп - шығу қолайлылығын қамтамасыз етеді.
Қазақ киіз үйдің есігін , үй жасатқан адамға жасатпайды. Басқа есік жасайтын шебер есікшіге жасатады. Үйткені қазақ жол- жоралғыларында үйдің есігі ерекше киелі саналады. Одан жақсылық та , жамандық та, кіреді. Өмір де, өлім де шығады деп есептейді. Сондықтан бағы замандарда арнайы есік жасайтын қас шеберлер болған. Олар ағаш есікті бұтақсыз қатты ақ қайың, қызыл қарағай тәрізді өте берік , сапалы ағаштардан шауып , қашап жасайды. Ағаштың бұтағы бар жерден жасаса, қысым түскенде дәл сол жерден сынады, опырылып түседі. Қатты боран соқанда қыйрап қалады. Есік үйдің маңдай жағындағы барлық салмақты көтеріп үстап тұрады. Бақ шақыратын , жарық кіргізетін асыл мүлік саналады. Есік жасаушылырды " Есікші" деп атайды. Есік арзан бағада болмайды. Оған түйе, жылқы, сиыр , жамбы, тайтұияқ беріп, арнайы тапсырыспен жасататын болған.
Ал үй жасаған адамға есік жасатпауы , бір адамның қолынан жасалған есік екі дүниеге уәкілдік етпейді деп үйғарады. Есік жасайтын есікшілер де жай адамдардан болмайды. Олар көп нәрсенден хабары бар. Қазақтың жол жоралғыларын жақсы білетін, қолы берекелі, ниеті дүрыс, ел ішінде бет пен беделі бар адамдар. Солардың қолынан жасалған есіктерден бақ пен дәулет үйге тасып кіріп тұрады деп ырымдаған.
Есік - бір маңдайшадан, екі босағадан, бір табалдырықтан, екі жарма есіктен құралады. Ата қазақ тағылымында маңдайшаны тартпайды, босағаны кермейді, табалдырықты баспайды, есікті серпіп ашпайды, тоқпақтап ұрмайды, аяқпен теппейді. Босағаға сүйеніп тұрмайды , бейуақытта есікті айқара ашып қоймайды. Үй иелері де , келген қонақтар да табалдырықтан оң аяғымен атап кереді. Олай етпесе шаңырақтан құт, бастан бақ таяды деп ырымдайды.
Есік жасаушылардың есікке қатысты өлшем - бірліктері болады. Еіктің бйіктігі - үй керегесінің бйіктігімен бірдей болады. Шамамен 175 см , ені 120см, екі босағасы мен табалдырығы, маңдайшасы 7-8 см мөлшерінде болады. Кейде үйдің үлкен кішілігіне қарай өзгеріп отырады.
Киіз үйдің есігінің маңдайшасы мен қос босағасына әдемі әшекейлі ою- өрнектер салынады. Бардам бай адамдар ою- өрнекпен араластырып, мүйіз, сүйектен , алтын , күмістен араластырып одан ары әшекейлеп жасататын болған.
Қазақта "Босаға майлау " деген жақсы дәстүр бар. "Шаңырағың бйік, іргең кең, терезең тең, табалдырығың таза, төрің құтты, босағаң берік болсын" деген ақ батада бар.
Тоқетерін айтқанда, есік - бақыт қақпасы , құт есігі саналады, екі дүние ролын қатар атқаратын өте киелі , жоғары бағалы бақ тұрағы деп бағаланады.

3. КЕРЕГЕ

Кереге – киіз үй сүйегінің қабырға және ірге бөлегін қалыптастыратын құрлымына жатады. Ол - өз үстіне жабылған түндік, туырдық, үзік, шаңырақ, уықтардың салмағын көтеріп тұрады. Сырттан соққан жел мен бораның қысым күшін , шеңбер пішіні арқылы үстіне жалғанған кұмбез пішінді уық жақтағы құрлымнына қарай өткізіп, жел бағытын жоғары қарай ығыстырады. Осы кезде керегеге түскен қысым күші тәбиғи азайады. Керегеге ұрған жел азайып, үстінгі жел күшейеді де, керегені жерге қарай нықтап қадай түседі. үйдің салмағы ауырлаған сайын , орнықтылғы артады. Боранның үйге төндіретін қауіпі мен хатерін сейілтеді. Жер сілкінісінің кез келген бағытына үйлесімді етіп жасалғандықтан, қатты , жылдам , күшті бағытты , асау қозғалыстар , қай бағытқа шайқаса да, қай жаққа тербесе де, ол тепе - теңдігін сақтап, пішінін өзгертпей тұра береді. Оның дөңгеленген шеңбер пішіні төрткүл дүниенің бар бағытына бағып , тәбиғи үйлесім тауып , сырттан төнген қауіп пен хатерден сақтайды. Осындай ғылми есептеулерді арқау етіп, ішкі бірлігін төрт бүрыш көзбен көріктеп көктеп , жиып - жайуға ыңғайлы етіп, боз талдан, жіңішке қайыңнан әсемдеп жасалған , киіз үйдің қабырғасы мен іргесін қалыптастыратын ағаш сүйекті құрлымын қазақ - " Кереге " деп атаған.
Қазақ " Керегең кең , пыйғылың оған тең болсын" дегенді тектен- текке айтпағанын осыдан түсінуге болады.
Қазақ киіз үйінің керегесі көздерінің көлеміне қарай " Тор көзді кереге" , " Жел көзді кереге" деп екіге бөлінеді. Кішкене көзді яғыни 11-15 көкті, 75-90 басты аралық қалтырмай жиі көктелген керегені
" Тор көзді кереге" деп атайды. Тор көзді кегегені жинауға ауырлау болады. Бірақ жел мен боранға шыдамды келеді. Тор көзді керегенің уық байлайтын басы - жиырма басы болады.
Ал арасынан бір көзді аттап өтіп , азат қалтырып , 11-12 көкті, 95-120 басты көктеп жасаған керегені " Жел көзді кереге " дейді. Жел көзді кереге тез жиналады. Жел көзді керешенің уық байлайтын басы он жеті басты болады.
Кереге жасайтын керегешілер жас тал мен қайыңның қабығын аршып, көлеңкеде кептіргеннен кейін қозға көміп жұмсартады. Сонан соң тезге салып түзетіп, жонады. Дайын болған кереге ағаштарын қайтадан тезге салып мүсіндейді. Бұдан соң оларды бір-бірімен қосып, түйенің, өгіздің мойын терісінен дайындалған таспамен көктейді, жосамен бояйды. Ауқатты адамдар керегені әр түсті бояумен бояап , басын ішкі жағынан сүйекпен, күміспен әшекейлететін болған. Жиюлы керегенің биіктігі 2 м-дей, ені 75 см-дей болады. Ал жазған уақытта биіктігі сәл төмендеп, ені 2 – 2,5 м-ге дейін созылады. Кереге өзара таңғышпен байлап жыйып қояды. Кереге санына қарай киіз үй 4, 6, 8, 12 қанат етіп тұрғызылады. Хан ордасының кереге саны 30-ға дейін жеткен.
Қазақ керегенің әр тал ағашын -
"Желі" деп атайды. Желінің ең ұзынын
" Ерсі", орташа ұзындырын - " Балшық" , ең қысқасын - " Сағанақ" дейді. Керегенің көкткліп жасалып болған түрін - " Қанат" деп атайды. Үй үлкейген сайын қанат саны да артып отырады.
Қазақ керегенің басына жаман заттарды ілмейді. " Үй іші ала болса, кереге басы пәле болады" деп ырым етеді. " Кереге үй сақтайды, кеменгер ел сақтайды" деп керегені аялап күтіп ұстайды.

 

4. УЫҚ

Уық - киіз үйдің шаңырағы мен керегесін біріктіріп ұстап тұратын, ұзын ин ағашын қазақ - " Уық " деп атайды. Уық - үйдің төбе бөлегін кұмез бейнесіне келтіріп, шаңырағын бйік көтеріп, іші - сыртына сымбат беріп тұрады. Шаңыраққа түскен салмақты керегеге қарай өткермелеп, үйдің ауқымы мен саламағын теңшеп тұрады. Соған байланысты уық саны керегенің жел көзді және төр көзді жасалуына қарай кереге басының санына тепе - тең болады. Бірі артық , бірі кем болмайды. Бұдан сырт кереге басына байланбайтын, есік маңдайшасына жеті не алты уық байланады. Бұл алты уық- алты алашты білдірсе, жеті уық жеті жұрт, жеті атаның сивмоль деуге болады.
Қазақ киіз үйінің уық саны мен қанат санының , есебін дұрыс есептеп шығару үшін кереге басына байланған уық санына , маңдайшаға байланған уық санын қосып есептегенде үйдің қанша бас үйден құралғанын дұрыс айтуға болады.
Ал қанат саны тіптен оңай , үйде қанша кереге болса, ол үй сонша қанаты үй деуге болады.
Демек, әдеттегі алты қанатты үйдің уығының ұзындығы 12- 13 қарыс болса, қанат саны көбейген сайын уықтың ұзындығы үй көлеміне қарай 15- 16 қарысқа тіпті одан да ұзарып, қарыс саны артып отырады. Себебі үй іргесі кеңіген сайын уығы ұзара береді. Ергер іргесі кең, уығы қысқа болса , үй төбесі жалпыйып жатып қалады. Үй сәулетті көрінбейді.
Уықты ұзын жасаудағы мақсат - үй төбесі бйік әрі көркем конус пішінді болып әдемі көрінеді. Жел мен боранның кедергі күшін тез айналдырып өткізге ыңғалы болады. Уықтың иін келген жерін , 145 - 150 доғал бұрышын - " Уық алақаны" немесе" Уық қарны" деп атайды.
Қазақ - уықтың ұзын бойын төртке бөліп қарастырады. Уықтың илген кереге басына байлайтын жалпақ бүкірлеу жеріне , уық бау тағатын , тесік тұсын -
" Уықтың алақаны", десе, Уықтың алақанына жалғасып илген күдіс жерін - " Иіні" не" Қары" , " Уық қары" дейді, уықтың иінінен шаңыраққа дейінгі түзу арасын " Уық қарымы" немесе , " Уық сабы" десе, уықтың шаңырақ тесігіне кіріп тұратын төрт қырлап жасалған үшін - "Уық қаламы" деп атайды.
Уық - тап - таза қазақы өлшем- мөлшер сандық есептермен жасалған , киіз үйдің құрлым бөлшегі болып табылады.
Уықтың пішіні ғажап құбылысқа сай жасалған , салмақ өткізгіш деуге болады. Уықтың иінінен бастап, төрт қырлы қаламына қарай ақырын - ақырын жіңішкере береді. Оның да нәзік есебі бар: Біріншіден, уықтың жеңіл әрі әдемі болуына байланысы болса, екіншіден, шаңырақ шеңберіндегі уық кіретін ұяшықтың кең болып кетпеуін көздейді. Үшіншіден, шаңырақ тұғыны ( Шеңбер ағаш) жуан болса , көзге ерсі көрініп, үй көркі мен сәулет сәнін бозады. Төртіншіден, уықтың кереге басына бекітіліп байланған арасы 2.5- 3 сантиметрден аспауы шарт.
Ал шаңырақ ұяшығына уықтың қаламы кіріп орныққанда жоғарыдағы салмақ төмен қарай ағылып келіп, керегеге түседі. Жоғарыдан ағылатын салмақ кедергісз түсуі үшін жіңішкеден жуанға қарай сырғу амалын қолданған. Егер , уықтың басы мен аяғы тең болса, онда жоғарыдан құлдаған салмақ бірден керегеге ауырлық әкеледі де , кереге тез сынып кетеді. Шаңырақтан кереге түсетін салмақтың мөлшерін теңшеп тұру үшін уықты - нәзік өлем - мөлшерлік есептеу әдісімен , өте ғылыми түрде жасаған.
Атам қазақтың " Бір уығың болып қадалайын" деген сөзінде көл - көсір тәрбиелік мән жатыр. Бесіншіден, уықтың алақанынан қаламына қарай жеңішкере жасалыуы , шаңырақ ұяшығы мен уық қаламының төрт қырлы болып жасалыуы үйдің орнықтылығын артыра түседі. Алтыншыдан, үйдің төбе бөлегі күмбез пішінді болғандықтан, сырттан жауған жауған жауын - шашын төменге қарай тез әрі кедергісіз сырғып түседі. Боран - шапқынға шыдымды болады. Қазақ киіз үйінің уығы осындай ғажайып есептеу тәсілдерімен жасалған.
Қазақ - уықтың алақанының ішкі бетіне" Ыру" сызығынмен ұзын бедерінен басқа , ою - өрнек салмайды. Ол жерге ою- өрнек салса, жоғарыдан төменге түсетін салмақ күші тосқауылға үшырайды деп үйғарады. Уықты жосамен , не қызыл күрең бояумен бояп қояды. Уықтың басынан тесік тесіп, әр уыққа жеке- жеке бау тағады. Оны " Уық бау" деп атайды. Уық баудың ұзындығы 1.20- 1.50 сантиметр шамасында болады. Көп уықтарды біріктіріп жинаған кезде , уықтардың басын қосып , сол уық баумен байлап , түйеге артады. Сонда бет- бетіне кетіп шашылып қалмайды. Қазақта " Баусыз уық- байлаусыз көлік" деген тәмсіл бар. Бұл сөзідің түбінде нар түйедей образды шүңет ой шөгіп жатыр. Тағылмы мол, тәлімі көл тәрбие жатыр.

ТӨРТІНШІ БӨЛІМ

КИІЗ ҮЙДІҢ СЫРТҚЫ ЖАБДЫҚТАРЫ

Қазақ киіз үйінің ту сыртына жабатын туырлық, үзік, түндік, киіз есік, шилерді -
"Үйдің сыртқы әбзелдері" , немесе " Үй жамылғылары" деп атайды.

1. ТУЫРЛЫҚ

Туырлық - киіз үйдің керегесінің іргесінен бастап, уығының ортасына дейін келтіріп, уық сыртынан жабатын, ақ жүнен басып , үй мүсініне лайықтап , өлшеп - пішіп, сәдеп , шетін жиектеп, туырлықты көтеріп ұстап тұратын құрбау тағығып жасаған киізді - " Туырлық" деп атайды.
Турлықтың керегені айналдыра ұстайтын жағының ұзындығы 6- 8 метрге дейін, ені 2-4 метрге дейін болады. Оны да үйдің үлкен- кішілігіне қанат, бас санына қарай үлкейтіп- кішірейтіп жасай береді. Турлықтың жоғары қараған екі бұрышына өрнектеп тоқылған терме шежімнен немесе жалпақтап ызылған құрдан бау жасап тағады. Оны " Терме бау", " Құр бау" деп атайды. Осы бауларды уықтың үстінен бастырып, айқастыра тартып мықтап байлайды. Турлықтың саны үйдің үлкен- кішілігіе қарай 2- 4- 6 ға дейін қосыла береді. Турлықтың сәні мен сәулетін артыру үшін " Турлық бас" оюын салады. Турлықтың жоғары ішкі жақ шетіне жалпақтығы 50- 80 сантиметрдей өрнектелген жиегіне қас жиектеме тігеді. Оны " Турлық қасы" деп атайды.
Турлық қасы - қызыл көк бұлстен, шұғадан, барқыттан ойып жапсырылады. Жиек - жиегін әр алуан түсті зер жеппен кестелейді. Турлықтың қасы уықтың сыртынан қабысып келіп, үзікпен астасып, үй ішіне бөлекше әсімдік береді. Оны " Турлықтың қара қасы" деп те айтайды.
Өз заманындағы ауқатты , бай, бардам адамдар үйдің тұла ту сыртын ақшаңқан киізбен не ақ матамен қаптап "Ақ боз үй" етіп жасаған. " Ақ сарай", " Ақ орда" , " Алтын орда" деген үйлер осындай сәндеуден барлыққа келген. Киіз үйдің керегенсін турлықпен айналдыра орап болған соң, боран соққанда турлық желпілдемесін деп оның басжағы мен аяқ жағынан екі мықты жіп арқанмен орап байлап тастайды. Ол арқанды " Белдік арқан" деп атайды. Турлықтың етек жағын ондан ары сәнді етіп көрсету үшін былғары терімен көмкеріп жиек жасап тігеді. Сонда турлық етегі сетінеп кетпейді. Ұзаққа шыдайды.
Қазақ турлықты өте киелі жабдық деп біледі. "Турлық қабырға жауып, іргені бекітеді" , " Турлықсыз үй - тұлдыр үй" деп ұйғарады. Қазақ қасапшылары мал сойғанда семіз деудің орнына " Турлықтай ту мал", " Іш майы турлықтай туырылып түсті" десе, денсаулығы мықты , әрі көрікті күшті әйелдерді " Турлықтай ту қатын, еріне сай қу қатын" деп мақтап жатады.
Махамбет Өтемісұлының жауына кектенгенде жазаған мына өлеңінен де турлықтың қасиетін аңғарасың:

Турлығын тілгілеп,
Тоқым етсем деп едім.
Керегесін кескілеп,
Отын етсем деп едім.

2. ҮЗІК

Үзік - турлықтың үстінгі жағын басып, шаңыраққа дейін уықтың үстіне жабылатын , арнайы үй өлшеміне лайықтап жасалған киіз жамылғысын - " Үзік " деп атайды. Үзік - киіз үйдің жоғары тұсына, кеудесіне, артына , шаңыраққа шаншылған уықтардың жоғары бөлегі шаңыраққа дейін кұмбез пішінін келтіріп қымтап тұрады. Турлық үйдің керегесін орап тұрса, үзік уықтарды орап тұрады.
Қазақ киіз үйінің үзіктері де, ақ жүннен басылып, пісіріліп мықты етіп дайындалады. Үзіктердің жиегіне айналдыра қос таңдай өрнекті ою басылып, шыжым жіппен көмкеріліп жиектеледі. Бұл жиектер үзіктің шетерінің сетінеп жыртылып қалмауын қамтамасыз етсе, енді бір жағынан әсемдігін артырып ұлттық тұс пітіреді.
Туырдық пішіні өзгеше есеппен жасалған жамылғы деуге болады. Оның өр жағы тарлау, етек жағы кеңдеу болып келеді. Үзіктің оң және сол жақ жиегіне , үш жерден өр жағы, ортасы, аяқ жағына жалпақ өрнек салып, көз жауын алардай әдемі тоқылған алты құр бау тағады. Оны
"Терме бау" деп атайды. Сол терме баулар арқылы уықтың үстінен айқастыра тартып керегеге байлап, үзікті уықтың үстіне қозғалмастай берік етіп орналастырады.
Ал киіз үйдің үзік саны тігілген үйдің үлкен - кішілігіне қарай болады. Әтеттегі төрт қанаты үйлерге 2-3 үзік жабылса, алты қанатты үйлерге 4- 5 үзік жабылады. Үзіктің де жабылу әдісі бар. Екі үзік бір - біріне қарама - қарсы жабылады. Екі үзіктің айқастыра жабылған жерін - " Үй жапсары" не " Жабығы" деп атайды. Бұл үйге қауіп төнгенде, есіктен шығуға болмайтын жағдайда осы үй жапсарынан сыртқа шығуға болады. Той салтанатын құрып әнші - күйшілер , сері - салдар үйде сауық құрып отырғанда , үйге симаған адамдар үй жапсарын ашып тастап содан тамашалайтын болған.

3. ТҮНДІК

Түндік - киіз үйдің шаңырағының күлдіреуішінің төбесіне шошайтып жабатын, төр бұрыш шаршы етіп, пішіп ақ киізден жасаған жамылғыны "Түндік " деп атайды. Түндіктің төрт бұрышына жүн жіптен мықтап есілген төрт бау тағады да, боран мен жел ұшырып кетпеу үшін , сол бауларды үйдің белдеу арқанына байлап тастайды. Ол бауды " Түндік бау" деп атайды.
Қазақ киіз үйінің шаңырағы - үй терезесі ролын атқарса, түндік сол терезенің жамбылғысы ролын атқарады.
Қазақ дәстүрі мен салтында түндіктің атқарар ролы өте жоғары болған. Түндіктің міндеті төртеу: бірінші, Түндік түн бойы үйдің жылуын сыртқа шығармай қалпында үстап тұру. Екінші , үй адамдары үйқыға кеткенше аспандағы жымыңдаған жұлдыздарды көріп, аспан әлемін танып , оның ғажайып құбылыстарынан әсер алып көңілдерін көтеріп отырады. Үй іші тегіс жастыққа бас қойған кезде ғана түндікті жабады. Үшінші, сыртан жауған жауын - шәшінді үй ішіне кіргізбеу, төртінші, таң атқан кезде , үйдегі түскен жас келін түндікті бақанмен сырып ашып, үйге жарық нұр түсіреді. Бұл атадан сақталып келе жатқан жақсы ырым. Таң бозында түндік ашқан келін бақытты келін, ол сыртың жарығымен бірге , өзінің де көңіл жарығын үйдегілерге қоса түсіреді, " Ерте тұрған ердің ырысы артық, ерте тұрған әйелдің бір ісі артық" деген ата сөзі мен тағылымы осыған байланысты айтылған. Бесінші, Түндіктің үш бауы шешілмей үнемі белдеуге байлаулы тұрады да, біреуі ғана шешіледі. Мұнда қай бауды ағыту , сол сәттегі желдің бағытына қарай болады. Үйткені үй ортасына жағылған оттың түтіні шағырақтан шығады. Жел бағытын бағу соған байланысты болады. Алтыншы, Күн жауын не қар жауған күндері түндіктің бір шаршы бұрышын ұзын бақанмен көтеріп , бір үшын желбаумен , уыққа мықтап байлап қояды. Сүйтсе үйге ауа өтіп, жарық түсіріп тұрады.
Қазақ шеберлері түндіктің төрт бұрышына қошқар мүйіз, арқар мүйіз, қаз мойын, бұғы мүйіз, құстұмсық сынды ою- өрнек басып өте сәндеп жасайды. Үйткені түндіктің атқарар ролы қазақ салтында өте жоғары бағаланады. Атам қазақта
" Түндігің түтінді болсын, түндігің тозбасын",
" Түндіксіз үй болмас, түтінсіз күй болмас",
десе, ашуланып қарғағанды" түндігің ашылмай, күлің шашылмай қалсын", " Түндігіңнен түтін шықпасын" дейді. Жалпы алғанда бір ауылда қанша отбасы бар деп жүрмей - ақ, бүл ауылда қанша түндік, қанша түтін бар дей салады.

4. КИІЗ ЕСІК

Киіз есік - қазақ киіз үйінің ағаш және киіз есігі деген екі есігі болады. Оның ағаштан жасалған есігін " Сықырлауық" деп атайды. Ал шиден тоқылып, киізбен қапталған , жоғары түріліп ашылатын есікті " Киіз есік" деп атайды. Киіз есіктің ту сыртын өлшеп пішілген киізбен, есікке дәлеп келетін жерін тоқылған шимен астарлайды. Жиегін құрмен жиектеп тігеді. Мұнда киіз есік кейде сықырлауықтың сыртынан ұсталса, кейде сықырауықсыз да киіз есіктің өзін жалаң ұстайтын тұстары да болады.
Киіз есік - сықырлауықты тұтас жауып тұрудан қос есіктің екі босағасынан еш ашық жер қалтырмай қымтап тұруы керек. Киіз есік - сықырлауықтың маңдайшасынан яғни кереге басынан төменгі табалдырыққа дейінгі аралығының ені 1 .2 метр, кереге басынан , шаңыраққа дейінгі аралығының үұзындығы 60 сантиметр болып келеді. Жалпы ұзындығы үйдің бйіктігімен бірлей болады. Кейде киіз есікті келтелеу де жасайды. Онда маңдайшадан шаңыраққа қарай көтерілетін жерінен иық шығарып, уық қарнының ортан беліне дейін жеткізіп , шаңырақтан төмендеу етіп орналастырады. Мұны " Кете есік" деп атайды.
Есікті сәнді етіп көрсету үшін оның іші - сыртына қошқар мұйіз ою салады. Есіңтің жіңішкеріп барып тоқтайтын үшына мықты бау тағады. Ол бауды шаңырақтан асыра алып , есік маңдайшасына тартып байлап тастайды . Сонда киіз есік ары - бері жылжымай мықты орнығып тұрады. Ол бауды - " Есік бау" деп атайды.

5. ІРГЕ ШИ

Іргеши- киіз үйдің кереге сыртынан ұсталатын, арнайы ши тоқу өнерімен әшекейлеп , әр тал шиді аршып, оның сыртын әр алуан бояулы жүн жіппен кестелеп орап тоқыған, үйдің қаңқасына жататын көркем үй жабдығын - " Іргеши" деп атайды.
Киіз үйдің шаңырағын көтеріп, уығын шаншып, керегесін қалап болған соң, кереге сыртын тұтастай қоршап, айналдыра ұстайды. Ол іргеден суық өткізбейді, жел кіргізбейді. Сыртқа жыл

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір