• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 04:53:11
Алматы
+35°

01 Ақпан, 2014 Әдебиет

Жұмабек Кенжалин: Журналистика ғылым емес деген пікір­мен келіспеймін

Осы күндері журналистік білім беру мәселесі әртүрлі жиналыстарда жиі айтылып жүр. Және журналистика саласының мамандарын дайындау мәселесіне әлем тәжірибесін...

Осы күндері журналистік білім беру мәселесі әртүрлі жиналыстарда жиі айтылып жүр. Және журналистика саласының мамандарын дайындау мәселесіне әлем тәжірибесін мысалға ала отырып келуіміз, біздің ой-өрі­сіміздің кеңейгендігін көрсетеді, тәжі­рибе алмасуымыздың жаңа белестерге кө­­терілуіне игі әсер етеді. Өткен жылдың ақ­пан айында Познань қаласында өткен ха­­лықаралық конференцияға практик-жур­налист ретінде біз де қатысқан едік. Университеттер арасындағы тығыз байланыстың нәтижесінде бірнеше оқытушы қатысуға мүмкіндік алды. Мұндағы айтпағым, оқып, естігеннен гөрі, сол оқығаныңды көзбен көріп, жаңалығын айтып келген жақсы. Сол көрген-түйгенімізді журналистика ғылымын өрістетуге үлес қосатындай ортақ қазынаға айналдыра білгеніміз дұрыс. Біз барып кел­геннен кейін мен «Ана тілі» газетіне бір беттік мақала бердім, Сапарбай Парманқұлов түрлі кездесулер өткізді.

Кезінде, Кеңес дәуірінде жоғарғы пар­тия мектебінде журналистика фа­куль­теттері жұмыс істеген. Сонда кадрларды даярлап, жергілікті аймақтарға жолдамамен жіберіп отырған. Менің жиі айтып жүрген ұсынысым — мамандықты жетілдіру институтын ашу мәселесі осыдан келіп шығады. Өйткені, заман басқа, кешегі өлшем бүгінгі өлшем бола алмайды. Бүгінгі электронды ақпарат ғасырында интернет-сайттар жедел жұмыс істеуде. Дәстүрлі басылымдардан біз кетпейміз, бірақ, заман талабы — ғаламдық ақпараттық кеңістікке ілесіп, содан Қазақстандық журналистиканың өзіндік орнын айқындау үшін жаһандық ақпараттық көмейінде жұтылып кетпей, өзіміздің үнімізді білдіріп отыруымыз керек. Қазір «Қазақ газеттері» ЖШС-на қарайтын басылымдардың барлығының жеке сайты бар, Бас редакторлардың блогтары бар, әлеуметтік желі жұмыс істейді. Мәселен, күн сайын «Ана тілі» газетіне 2-3 мың оқырман кіреді, әлемнің кез-келген нүк­тесінен біздің басылымдарды оқып, пікір білдірушілер бар. Тәулік бойы жұмыс істеп тұр. Сондықтан, осындай жеделдікке іле­сетін бүгіннің журналистерін дайындау теорияшы ретінде сіздердің және практик ретінде біздің парызымыз. Бұл мәселенің қозғалуы өте өзекті. Журналистика ғылым емес деген пікір­мен келіспеймін. Профессор Т.Аман­досов журналистиканың бүкіл жанрларын зерттеп, талдап берді. Ал, осы мәселені ары қарай жалғастыру бүгінгі күннің еншісінде. Сондықтан, талдамалы материалдар жазатын ғалымдар керек. Ат­тестациялық комиссияға ма, әлде Білім және ғылым министрлігіне жіберіп, журналистиканың өз алдына ғылым еке­нін, зерттеу объектілері, проблемалары бар екендігін айту қажет. Қазіргі журналистикадағы үлкен мә­селе, аудандық газеттерде мамандар тап­шы. Бұрыннан айтылып келе жатыр, қазір тағы да ай­тылуда, журналистика факультетінің жанынан біліктілікті жетілдіру институты сияқты мекеме ашып, мерзімді дайындау курстарын өткізу керек. Бұ­ған қазынадан қаржы бөлінсе. Басқа ма­ман­дықтардың білім жетілдіру инс­ти­туттары болғанда, журналистерге арнап неге ашпасқа? Жергілікті ба­сы­лымдарға әдебиетші, тіл маманы не­месе тіпті, журналистикаға қатысы жоқ мамандар жазып жүр. Сондықтан да, заманауи журналистика жаңалықтарды олардың бойына сіңіретіндей дәрістер оқы­лып, біліктілігін арттырғаны туралы куәлік берілсе. Шындап келгенде журналистердің санатын, яғни, категориясын белгілеу керек. Бізде әлі күнге дейін ол жоқ. Бас редактор, орынбасары, жауапты хатшы, тілші, т.б. деп қызметі кете береді. Бірақ, бұл санат емес. Егер, категориямен жұмыс істейтін болса, қарапайым журналисті де редактордың деңгейіндегі қыз­меттерді атқара алатындай дәрежеге жеткізуге болады.

Дайындаған Жания Әбдібек

Qamshy.kz

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір