• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 21:25:16
Алматы
+35°

08 Маусым, 2017 NEWS

70 жастағы қария дертіне байланысты қайыр сұрауға мәжбүр

Пәкістандық Карачи қаласының 70 жастағы Ашрафуддин есімді тұрғыны өте сирек кездесетін макродактилия ауруына шалдыққан. Соның салдарынан оның қолының пішіні...

Пәкістандық Карачи қаласының 70 жастағы Ашрафуддин есімді тұрғыны өте сирек кездесетін макродактилия ауруына шалдыққан. Соның салдарынан оның қолының пішіні өзгерген. Осыған байланысты қарияны жұмыстан шығарып жіберді. Ашрафуддин отбасын асырау үшін көшеде қайыр сұрауға мәжбүр.

Макродактилия – өте сирек кездесетін гигантизмнің бір түрі. Ол әдетте қолға шығады. Аталмыш ауру түрі көп жағдайда синдактилиямен кездеседі, яғни саусақтардың бірігуі. Бұл ауруға шалдыққандардың тек бір қолы немесе бір аяғы ғана зақымданады.

Ашрафуддин үлкен қолмен дүниеге келген. Жылдар өте келе жағдай ушыға түсті. Ер адам Карачидегі мейрамханада даяшы болып жұмыс істеген. Алайда мейрамханаға келген қонақтар ол алып келген тамақты жеуден бас тартқан. Басқа жұмыс таба алмады.

Ашрафтың үш баласы бар. Оның ең кішісі 1,5 жаста. Қария зейнетақы алмайды екен. Осы уақытқа дейін жұмыс істеген жерлерінде ұзақ тұрақтамаған. Ер адамның айтуынша оның дерті білім алып, бір мамандықты игеруіне мұрша бермеген.

Медиктер екі қолын да кесуді ұсынған. Алайда Ашраф операциядан бас тартты.

«Адамдар мені жиі мазақтайды. Көбі жай ғана маған қарағанына жиіркеніп тұрады» дейді ер адам.  

Дайындаған: Сабина Рамазан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір