• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 20:38:03
Алматы
+35°

16 Наурыз, 2018 Әлеумет

7 жастағы зорланды деген бала қояншық ауруына шалдыққан болуы мүмкін

Бауыржан Азанов конференциядан шыққаннан кейін Астанаға бала мен әжесіне баратынын айтады.

Бүгін 7 жастағы зорланды деген балаға қатысты өткен конференцияда  ОҚО тұрғынының адвокаты Бауыржан Азанов "баланың ауруға шалдыққан болу мүмкін бе?" деген журналистердің сұрағына, дәрігер емес екендігін, сондықтан нақты айта алмайтынын, десе де ондай ақпараттың барын айтты, деп жазады  Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Баланың қояншық ауруына шалдыққан болуы мүмкін екенін де жасырмады.

Заңгер көп уақыттан бері баланың әжесімен де, анасымен де байланысқа шыға алмай отырғанын айтады. Тек кеше түнгі екілер шамасында әжесіне хабарласа алған, алайда әжесі қайда екендерін түсіндіре алмаған.

Бауыржан Азанов конференциядан шыққаннан кейін бірден Астанаға бала мен оның әжесіне баратынын айтады. Алайда олардың нақты мекен жайын білмейтінін жеткізді.

Бауыржан Азановтың айтуынша, ол баланың заңгері бола тұра, баламен де оның заңды өкілдерімен де кездесе алмай жүр. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір