• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 19:52:33
Алматы
+35°

04 Шілде, 2018 Саясат

«7-20-25» баспана бағдарламасының серіктес банктері белгіленді

2018 жылдың соңына дейін Сбербанк пен ForteBank банктерінің қосылуға дайын

Әлеуметтік бес бастама аясындағы баспана бағдарламасының серіктес банктері анықталды. Бұл туралы Ұлттық банк баспасөз-конференциясында, - деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Белгілі болғандай, «7-20-25» баспана бағдарламасының несиелендіретін банктер Банк ЦентрКредит, Еуразиялық банк, АТФ Банк, Bank RBK, Қазақстанның халық банкі, Цеснабанк, Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі. Сондай-ақ, 2018 жылдың соңына дейін Сбербанк пен ForteBank банктерінің қосылуға дайын екенін айтылған.

Еске салсақ, 19 маусымда Ұлттық банк аталған бағдарламамен баспана алудың шарттарын жариялаған. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 31 мамырдағы № 107 қаулысымен «7-20-25. Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» ипотекалық тұрғын үй кредиттеу бағдарламасын бекітті.

Бағдарламаға Қазақстан Республикасының еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен алатын табысы бар, сондай-ақ меншік құқығында тұрғын үйі жоқ кез келген азаматы қатыса алады.

Бағдарламада Қазақстан Республикасының кез келген өңірінде бастапқы нарықта тұрғын үй сатып алу үшін мынадай құн шегінде ипотекалық тұрғын үй қарызын алу мүмкіндігі қаралады: 25 млн теңге – Астана, Алматы, Ақтау және Атырау қалаларында; 15 млн теңге – басқа өңірлерде. Бағдарламаның операторы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің еншілес ұйымы – «Баспана» ипотекалық ұйымы» АҚ болып табылады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір