• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 09:48:06
Алматы
+35°

31 Наурыз, 2018 Экономика

Халықты қолжетімді баспанамен қамтуға арналған «7-20-25» бағдарламасының шарттары әлі дайын емес. Дегенмен, арзан ипотеканың шекті көлемі белгіленді, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Олег Смоляковтың айтуынша, жаңа бағдарлама бойынша Астана, Алматы, Атырау мен Ақтау қалалары үшін арзан ипотеканың шекті мөлшері 25 млн теңге болады. 

«Басқа қалалардың тұрғындарына 10 млн теңгеге дейін, ал аймақтарда 7 млн теңгеге дейін несие беріледі. Мысалы, ірі қалаларды алсақ, 25 млн теңгеге екі бөлмелі пәтерді алуға болады. Баспананың ауданы 70 шаршы метрдей. Сонда несие алған адам ай сайын шамамен 170 мың теңге төлеп отырады», - деді О.Смоляков бүгін Астанада өткен баспасөз мәслиxатында. 

Оның айтуынша, ірі қалаларда арзан ипотеканың шекті мөлшері 25 млн теңге болса, оның сыртында тағы 20 проценттік алғашқы жарна бар. Сонда Астана, Алматы, Атырау мен Ақтау қалаларының тұрғыны 30 млн-ның пәтерін 7 проценттік несиеге ала алады. Барлық несиелер тек теңгемен ғана беріледі.

«Жалпы, бағдарламаның барлық шарттары әлі пысықталып жатыр. Мамыр айында біз оның бәрін Ұлттық банктің қаулысымен бекітеміз. Сонда бағдарламаның нақты формасы болады. Жоспарға сәйкес, екінші деңгейлі банктер үміткерлерді іріктеп, ипотеканы береді. Ал жаңа ипотекалық компания ол несиелерді сатып алады. Сөйтіп, ипотеканың жылдық мөлшерлемесі 7 процентке төмендейді. Дәл осындай жүйемен бұрын Қазақстанның ипотекалық компаниясы жұмыс істеген. Дефолт болса, ипотека банкке қайтарылады. Ол өз кезегінде проблемалық несиемен жұмыс істейтін болады. Бұрын бізде ипотека шетел валютасымен берілді. Девальвациядан кейін теңге бағамы өзгеріп, үлескерлерге қосымша салмақ түсті. Ал жаңа бағдарлама бойынша барлық несиелер тек теңгемен ғана беріледі», - деп атап көрсетті О.Смоляков.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір