• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 19:49:14
Алматы
+35°

20 Қаңтар, 2018 NEWS

6-сынып оқушысын қонақүйге апарып зорлаған қаскөй ұсталды

Алматы облысының полициясы 12 жасар оқушы қызды зорлады деген күдікпен ауыл тұрғынын ұстады.

Алматы облысының полициясы 12 жасар оқушы қызды зорлады деген күдікпен ауыл тұрғынын ұстады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі облыстық ішкі істер департаментінің мәліметіне сүйеніп. 

18 қаңтарда Іле ауданы полициясына Междуреченск ауылының тұрғыны келіп, 12 жасар қызын белгісіз ер адамның зорлағанына арызданған. 

"Жедел іс-шаралар барысында күдікті бірнеше сағат ішінде анықталып, ұсталды. Қазіргі уақытта кәмелеттік жасқа толмаған қызды зорлау фактісі бойынша қылмыстық тергеу басталды", — деп хабарлады облыстық полиция. 

21 жастағы жігіттің кішкентай қызды ауылдағы қонақ үйлердің бірінде зорлағаны белгілі болды. Қаскөй алдын ала тапсырыс беріп қойған бөлмеге алтыншы сынып оқушысын алдап апарған. 

«Күдікті жігіт жасынан үлкен көрінетін қызбен жыныстық қатынастың өзара келісім бойынша болғанын айтады. Бірақ зардап шегуші тарап мұны жоққа шығарып отыр», – дейді полициядағылар.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір