• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

06 Мамыр, 02:34:05
Алматы
+35°

Атырау перинаталдық орталығындағы нәресте өліміне қатысты сот процесі өтті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Асқарбек Ермұқашевтан куә ретінде жауап алынды. Бұл туралы azh.kz хабарлады.

Оқиға 2019 жылдың 29 қыркүйегінде болған. Атырау перинаталдық орталығында дүниеге келген нәресте қимылдамаған соң, оны құжатқа "өлі туылды" деп жазған. Алайда сәбиді мұздатқыш камерасына әкелген кезде аяғы қимылдаған.

Жемқорлыққа қарсы іс-әрекет департаментінің хабарлауынша, дәрігерлер құжаттар шатаспас үшін баланы тірі күйінде мұздатқышта қалдырған. 

Сотталып жатқан акушер Құлбатырованың адвокаты Талғат Мұқатанов Ермұқашевтан өзі қорғап отырған азаматты кіналауға қандай себеп барын сұрады. 

– Бұл жасырын тергеу амалдарының нәтижесімен дәлелденеді. Екі адамның өзара телефон арқылы сөйлескен әңгімесі бар. Сіз қорғап отырған адам – орындаушы, – деп жауап берді.

Адвокат "сөз байласқан" деген түсініктің қайдан шыққанын сұрағанында:

– Мен жаңа айттым, телефон арқылы сөйлескен әңгіменің стенограммасы бар, филологиялық сараптаманың қорытындысы бар, оның ішінде дәрігерлер бір-бірімен кеңесіп, осы баланың тағдырын шешкені анық.  Әңгіменің стенограммасында "Құдай бізді кешірсін" деген сөздер бар. Олар әңгіменің төркіні не туралы екенін түсінді, – деді Ермұқашев.

"Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысына сәйкес, нәрестені тоңазытқышқа салып, оның тыныс алуына мүмкіндік бермегені ерекше қатыгездікке жатады. "Басқа қылмысты жасыру мақсатында" – қылмыстық кодексінің 317-бабы ("Медицина қызметкерінің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамауы") бойынша қылмысты жасыру мақсатында баланы тоңазытқышқа салды.

Аудио жазбаның мазмұнына сүйенсек,  егер сіз суға салғанда, сараптама баланың өкпесінде су болғанын көрсетеді, сондықтан олар тоңазытқышқа салуды ұйғарған. Белгілі бір уақыт ішінде тірі сәби дәрменсіз күйде болды, оған көмек көрсетілмеген. Міне, осы дәлелдер ескеріліп, негізге алынды" деп мәлімдеген тергеуші.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір