• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 10:09:07
Алматы
+35°

21 Қазан, 2013 NEWS

Көгімізді көршілерімізбен бірге қорғаймыз!

Ұжымдық Қауіпсіздік Шарт Ұйымының ұжымдық әуе күштерін құру шешімі жақын арада қабылданады.

Ұжымдық Қауіпсіздік Шарт Ұйымының ұжымдық әуе күштерін құру шешімі жақын арада қабылданады.

Бұл туралы бүгін ұйымының Бас хатшысы Николай Бордюжа бейнекөпір форматында өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті.

«Әуе қорғанысына келетін болсақ, біз қазіргі уақытта оның тұжырымдамасын жасақтадық және жақын арада ҰҚШҰ-ның ұжымдық әуе күштерін құру туралы шешім қабылданады. Бұл күштер негізінен аумақтағы көліктік және қорғаныс мәселелерімен айналыспақ», - деп атап өтті ол.

Оның айтуынша, сонымен қатар, ұйым аясында арнайы операциялардың ұжымдық күштерін құру бойынша жұмыстар да атқарылуда.

«Арнайы операциялардың ұжымдық күштерін құру бойынша жұмыстарды жақын арада аяқтау жоспарлауда. Концептуалды тұрғыда бұл жұмыстарды шештік. Меніңше, қазіргі уақытта барлық мәселе қажетті нормативтік базаны жасауға тіреліп отыр. Бұл арнайы операциялар және әуе күштері құрылымдарына қатысты», - деді Н.Бордюжа.

ҰҚШҰ Бас хатшысының сөзіне қарағанда, аталмыш ұжымдық күштердің құрылу және оларды басқару жүйесінің жасалуы ұйымға мүше мемлекеттердің күштік құрылымын едәуір нығайтпақ және оның тиімділігін арттыратын болады.

"ҚазАқпарат"

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір