• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

06 Мамыр, 04:45:07
Алматы
+35°

Қару-жарақты бақылау туралы АҚШ мемлекеттік департаменті жариялаған жаңа есеп бойынша, Пекин барлық ядролық сынақтарға тыйым салатын халықаралық келісім-шартты қатаң ұстанатындығына қарамастан, ядролық сынақтарды жасырын түрде өткізген болуы мүмкін, – деп жазады The Wall Street Journal.

Басылым мәліметінше, Бейжің Орта Азиямен шекаралас аймағындағы Lop Nur алаңында ядролық сынақтарды өткізуі мүмкін.

The Daily Mail газетінің хабарлауынша, АҚШ-тың мемлекеттік департаменті "Қытай ядролық сынақтар өткізген болуы мүмкін" деп ескерткеннен кейін, Пекин Вашингтонды "кінәсіздерге шабуыл жасады" деп айыптаған.

Қытайдың мемлекеттік ақпарат құралдары Қытай сыртқы істер министрлігінің өкілі Чжао Лицян Вашингтонға өз ісін ойластырып, басқа елдерге "саусағын кеземеуді" айтты деп хабарлады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір