• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 20:58:28
Алматы
+35°

14 Қаңтар, 2018 NEWS

500 теңгенің дауы: Тағы бір фотограф өз суретін танып, өтемақы талап етті

Ұлттық банк 500 теңгені өткен жылы қарашада айналымға шығарған болатын

Халықаралық фотографтардың тағы бірі қазақстандық 500 теңгеден өз суретін таныды. Канадалық Кейт Тестер есімді фотограф қазақстандық шулы 500 теңгеден  «өзінің» шағаласын тапты, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі sputniknews.kz мәліметіне сүйеніп. 

Айта кетсек, Ұлттық банк  500 теңгені өткен жылы қарашада айналымға шығарған болатын.

«Кез келген фотограф өзінің жұмысын (суретін ред.) бірден таниды. Бұл суретім 2010 жылы 8 маусымда түсірілген. Суретшілер сайты мен Deviantart фотографтарының сайтына жүктелген болатын.  Шағаланы Канаданың Принс Эдуард графтығында  Сэндбэнкс саябағында түсіргенмін» деп жазды фотограф Кейт Тестер.

Айта кетсек, бұған дейін швейцариялық фотограф Марсель Буркард қазақстандық банкноттан өзі түсірген шағаласын таныған хабарланған болатын

Канадалық фотограф Марсель Буркхардың өз суретін танығанынан хабардар екенін айтты.

Қазақстан Ұлттық Банкінің сыйақысына келер болсақ, фотограф өзінің авторлығын мойындағанын қалайды, сондай-ақ суретті рұқсатсыз пайдаланғаны үшін өтемақы талап етпек.

«Бұл менің авторлық суретім болғандықтан және суретім рұхсатсыз пайдаланылғандықтан өтемақы төлену керек деп ойлаймын» деп айтып өтті Тестер.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір