• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 02:22:12
Алматы
+35°

21 Мамыр, 2012 Ұлы көш

Дархан Бейсенбек. Шекараның шектегені болмаса...

Өзге елді қайдам? Қытай еліндегі қазақтар қалаған кезінде шетелге шығатын төлқұжат ала алмайды. Ол үшін бұрындары арнайы шақырту қажет болған. Қазір «ішіне...

Өзге елді қайдам? Қытай еліндегі қазақтар қалаған кезінде шетелге шығатын төлқұжат ала алмайды. Ол үшін бұрындары арнайы шақырту қажет болған. Қазір «ішіне төлқұжатының көшірмесін салып, тиісті туыстары хат жазсын» деген жарлық шығыпты. Қазақтың бәрі туыс. Ендеше қазаққа қазақ қосуға атсалысыңыз ағайын! Хат күтіп жатқан ағайынды біз айтып береміз… Сіз тек хат жазыңыз. Оралмандарға байланысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, сайтқа жариялау біздің мойнымызда. Бұл хаттар жай хат емес, тарихқа таспен жазылатын хат.

Дархан Бейсенбек, жазушы, «Тағдыр тақтасы» әңгімелер жинағының авторы: 

Шекараның шектегені болмаса...

Ассалаумағалейкум, Аға!

Шекараның шектегені болмаса ауылымыздың арасы, қазақша айтсақ, бір-ақ адым. Бірақ сол бір адымды аттау бәрімізге оңай соқпай тұр. Біздің қолдан келетіні осылай хат жазып, хабар алысу. Реті келсе тиісті құжаттарыңызды жасатып, Атамекенге ат басын бұрарсыз!

Құдайға шүкір! Келем деген қазаққа жол ашық! Көші-қон мәселесінде кейбір келеңсіз жағдайларды естіп жатсаңыз, ол уақыттық қана кедергілер деп есептеймін. Қатарының көбейгенін қай қазақ жек көрсін?! Нағыз қазақтарды айтып отырмын.

Басыңызға үй салып, бауырыңызға қазан аспасақ та, ерулігін алып шығар ел дайын. Ат-көлігіңіз аман тұрғанда, тұлпарыңызға қамшы басыңыз аға!

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір