• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 08:37:11
Алматы
+35°

12 Сәуір, 2018 NEWS

Бүгін «31 арнаның» эфирге шыққанына 25 жыл толды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы «31 арнаның» Информбюро жаңалықтар қызметінің жетекшісі Болат Мүрсәлім өзінің Facebook парақшасында жазды. 

«Қазақтың жөнімен айтсақ, айхай, жиырма бес! Бұл арна «31-ден көрсетеді» деп ел күтіп жүретіндей, көпшіліктің ықыласы түскен арнаға айналғаны қашан? 25 жылда осы арнада талай-талай мықтылар істеді, «31-де істеген» деп мақтанышпен айтатындай журналистика мектебі қалыптасты. Қалың көрерменді, әріптестерімізді 25 жылдықпен құттықтаймын!», - деп жазды Болат Мүрсәлім. 

«31 арна» – республикалық телеарна. Тәулік бойы хабар таратады. Елдегі көрерменнің 86,94 пайызын қамтиды. 

2008 жылдан бері СТС Media халықаралық холдингінің құрамында жұмыс істеп келеді. «31 арнаның» хабар тарату кестесі ойын-сауық, ақпараттық бағдарламалардан, танымал отандық және шетелдік телехикаялар мен ток-шоулардан, голливудтық фильмдерден тұрады.   

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір