• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 00:16:05
Алматы
+35°

10 Қазан, 2017 Денсаулық

3000-ға жуық кездесулерде МӘМС жүйесі түсіндірілді

Облыста барлығы 3000-ға жуық кездесулер ұйымдастырылып, ересек тұрғындардың 87,3%-ы қамтылған

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бұл тұрғындардың денсаулығын әлеуметтік тұрғыда қорғайтын мемлекеттік жүйе. Бүгінгі күні облыста міндетті әлеуметтік медициналық медициналық сақтандыру  мәселелері бойынша тұрғындармен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары әлі де белсенді жүргізілуде.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сүйенсек, МӘМС жүйесі туралы 200-ге тарта бейнероликтер түсіріліп, қоғамдық орындарға сыртқы жарнамалар мен аудиожарнамалар түріндегі ақпараттар орналастырылған. 500 мыңға жуық буклет, 300 мыңға жуық жол жүру билеттері мен коммуналдық кәсіпорындардың түбіртегі таратылған. Сондай-ақ тұрғындардың нысаналы аудиториясымен, яғни жұмыс берушімен, қызметкерлермен, мемлекеттік қызметшілермен түсіндіру жұмыстары әлі де жүруде. Жеке сот орындаушылар алқасының және қорғаушылар алқасының, шаруа қожалықтарының, жеке кәсіпкерлермен кездесулер ұйымдастырылған.  «Қазақстанның 500 ірі кәсіпорны» акциясы аясында облыстың ірі 14 кәсіпорнында түсіндіру жұмыстары өткізілген. «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы облыстық филиалдарында тұрғындарға кеңес берулер ұйымдастырылған. Облыста міндетті әлеуметтік сақтандыруды енгізу мәселелері бойынша Бірыңғай өңірлік  Call орталығы жұмыс істейді. Облыста барлығы 3000-ға жуық кездесулер ұйымдастырылып, ересек тұрғындардың 87,3%-ы қамтылған. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларына дер кезінде сапалы медициналық және дәрі-дәрмектік көмек көрсетілетіндігі түсіндірілуде. Сонымен қоса мемлекет кепілдік берген тегін медициналық көмек шеңберінде жедел жәрдем, санитарлық авиация қызметтері мен әлеуметтік маңызы бар ауруларға көрсетілетін көмек және профилактикалық екпелер кіретіндігі айтылуда.  Сондай-ақ  МӘМС туралы заңға сәйкес қорға жарна төлеуден балалар көп балалы аналар, ҰОС қатысушылары мен мүгедектер, жұмыссыз ретінде тіркелгендер, интернаттық ұйымдарда білім алушылар мен тәрбиленушілер, оқудың күндізгі нысаны бойыша оқитындар, бала тууға, бала асырап алуға байланысты демалыстағылар мен зейнеткерлердің босатылатындығы айтылуда.

Гүлім АҚАП,

Батыс Қазақстан облысы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір