• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

17 Сәуір, 03:45:31
Алматы
+35°

17 Мамыр, 2012 Ұлы көш

Киімінен көз сүрінетін қойшы

 Алғашқы аялдама Еңбекшіқазақ ауданының «Қызыл қазақ» ауылы болды. Түн ортасында жеттік. Таңертең тұрсам, жан-жағым құлаққа ұрған танадай. Баяғы кішкене кезімдегі ауылым есіме түсті. Ол кезде айналамыз тек табиғаттың дыбысына ғана тұнып тұратын… Мұнда да сондай – бұлақтың сылдыры, шегірткенің шырылы, төрт түліктің төл дауысы…

 Алғашқы қадам қой жаюдан басталды. Қолымда – кітап. Қой бағуға келмегенім үстімдегі киімімнен-ақ белгілі. Қыры сынбаған шалбар, жағасы кірлемеген жейде, өкшесі мүжілмеген аяқ киім… Киімінен көз сүрінетін қойшы атанған болуым керек. Анда-санда мал қайыруға шыққан көршінің қыздары  теріс кеткен торпағына емес, көздерін мен сияқты қойшыға көп қадайтын….

Тоқтаболат жездемнің тоқпағы

 Тоқтаболат – менің әкемнің қарындасының күйеуі. Егде тартқан. Кезінде Қытай елінде бір облыстың бас аудармашысы болған үлкен ғалым. Тоқтаболат жездемнің тоқпағы мені еңбекке тәрбиелеуден басталды. Шындығын айту керек, Қытайда ақ алақан болып өстім. Жерім – кітап, күрегім – қалам болды. Қолымнан келетіні сол. Осыны дәл аңғарған «кәрі жездем» мені қара жұмысқа баулыды. Ал қолы қалт еткенде айтатыны – ешкім ойламайтын өрелі әңгімелер. Мен адам танысам, ол кісі – қандай жерде жүрсе де әлемдік деңгейде ойлана алатын адам.

 Жасыратыны жоқ, Тоқтаболат жездемнің «тоқпағын» ол кезде мүлдем ұнатпаушы едім… Бірақ өмірімнің қай белесінде болса да сол «тоқпақ» жанымда жүргендей сезіледі…

 «Мына қытайдың жатқанын қара»

 Бір күні көрші ауылға барып, қайтып келе жатқанмын. Көлікке отырдым. Дәл ауылға жақындағанда байқасам, Тоқтаболат жездем малды жайып қойып, көк шалғында жантайып жатыр екен. Көлікте отырған менен басқа үш адам бірінен соң бірі «мына қытайдың жатқанын қара, келгені кеше ғана еді, қора-қора малды болып алды» деп гу-гу етеді. Шамасы, менің де «қытай» екенімді білмесе керек. Көзіме жас толып, жүрегім жылағандай болды.  «Қытайдың өзінде бұдан бес есе көп малды иірген Тоқтаболат бұл» деп айтқым келді.

 Әттең!

Жазардай болсам деуші едім

 Бұл менің ғана емес, Қытайдан келген талай жас үрпектің арманы болатын. Өйткені Жазар – Қытай елінде-ақ өзін мойындатқан талантты шәкірттердің бірі еді. Шыңжаңның маңдай алды университетінен оқып, үздік тәмамдаған соң, ішкі Қытайдың жоғары оқу орындарына бармай, ат басын атамекенге бір-ақ бұрған. Қайдан салсаң, содан шығатын жүйрік еді… Сол жүйрік – менің жиенім. Ал енді оған еліктемей көріңіз… Қазір Америкада жүр.

 «Сен менің жүрегімдегі өшпес отсың

 Көршінің қызы менің көзіммен қарағанда адам айтса сенгісіз көрікті болды. Қарауға дәтім шыдамайды. «Қандай адам мұндай қызға батылы жетіп сөз салады екен» деп ойлайтынмын. Тек анда-санда алма ағаштардың арасынан көз қиығын салып қалсам, ол да маған қарап тұрушы еді… Жүрегім дір ете қалады. «Армандапсың ақ тоқты, қыстың күні көк шөпті» деп өзіме-өзім күбірлеп қоям. Оның үстіне осындағы ағамыздың біреуі "ойланып" жүр екен ол қызға. Сонымен іштен тындық та жүрдік. Бір күні сол көкемнің көлігіне отырып қалаға жүреміз деп тұрғанда, әлгі «періште» жүгіріп келді де, қолыма бір жапырақ қағаз ұстата қойды. Ағамның жанында өзімді тап бір қылмыстыдай сезіндім… Әлгі  қағазды жұмарлаған күйінде қалтама салдым. Жүрегім кеудеме әрең сыйып тұр. Бір уақытта аштым-ау қағазды. Өз көзіме өзім сенбей қалдым. Бір-ақ сөйлем.

 «Сен менің жүрегімдегі өшпес отсың!»…

 Қайда жүрсем Қайдар ағам

 Мені сүйрелеп мың сан есікті қағуға «оқу соққан» Жазар жиенімнің уақыты болған жоқ. Оның есесіне Қайдар ағам қайрат көрсетті. Көбінесе келе салып алған Қазақстанның төлқұжатын көрсетеді де, «тоғыз қабат» темір есіктен тебініп кіреді. Жанары мөлтілдеп тұрғ

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір