• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 16:55:21
Алматы
+35°

28 Мамыр, 2018 NEWS

3 жасар қыздың ішінен теуіп, аяусыз ұрған әйелдің кім екені анықталып жатыр

Әлеуметтік желіде әйел адам шамамен үш жастағы қызды аяусыз ұрып-соғып жатқаны түсірілген видео жарияланған болатын

Қазақстан мен Қырғызстанның ішкі істер министрліктері әлеуметтік желіні дүрліктірген видеоның қайда түсірілгенін анықтап жатыр деп жазады Sputnik Қазақстан-ға сілтеме беріп Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Осыдан бірнеше күн бұрын әлеуметтік желіде әйел адам шамамен үш жастағы қызды аяусыз ұрып-соғып жатқаны түсірілген видео жарияланған болатын. Қазақстандық БАҚ-та полицейлер видеодағы адамдарды іздеп жатқаны жайлы мәлімет тарады. Ролик Қырғызстанда да шу туғызып, көрші елдің ішкі істер министрлігі видеоның қайда түсірілгенін анықтауға кірісіпті.

Видеода әйел диванда жатқан баланың ішінен тепкілеп жатқаны анық көрінеді. Кейін ол қыздың қолын аяғымен қоса ұстап, қабырғаға ұрады, содан соң  еденге қойып, пышақ кезенген, алайда видеоға түсіріп тұрған ер адам оны тоқтатып қалған, әйел пышақты лақтырып жібереді.     

"ІІМ видеоны зерттеп, ол Қырғызстанда түсірілген-түсірілмегенін анықтап жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, жазба Интернетте таяуда пайда болған", — деп түсініктеме берді Қырғызстан ІІМ.    

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір