• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Сәуір, 19:41:17
Алматы
+35°

АҚТАУ. 17 мамыр. BNews.kz   -  Бүгін Ақтауда Жаңаөзен қаласы УҰИ бұрынғы бастығы Жеңісбек Теміровке қатысты қылмыстық іс бойынша үкім оқылды, деп хабарлайдыBNews.kz тілшісі.

Сот УҰИ бұрынғы бастығын 5 жылға бас бостандығынан айырды, ол жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейтін болады. Сонымен қатар, Теміровке 5 жыл ішінде полицей қызметін атқаруға тыйым салынған. Жеңісбек Теміров сотқа дейін үйқамақта болды. Үкім оқылғаннан кейін оны күзетшілер тұтқынға алды. Үйқамақта болған уақыт жалпы мерзімді өтеу кезінде есепке алынады. Еске сала кетейік, Жаңаөзен қаласы УҰИ бұрынғы бастығы Жаңаөзендегі тәртіпсіздіктер күні тұтқындалған Базарбай Кенжебаевты УҰИ-де заңсыз ұстап, уақытылы ауруханаға жеткізуді қамтамасыз етпегені үшін айыпталған еді. Мемлекеттік айыптаушы Жаңаөзен қаласы УҰИ бұрынғы бастығы Жеңісбек Теміровті 7 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Дереккөз: bnews.kz

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір