• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 05:04:26
Алматы
+35°

14 Желтоқсан, 2017 Аймақтар

255,3 мың м2 баспана Бостандық ауданында пайдалануға берілді

Есептік кезеңде аудандағы қоғамдық көліктермен жалпы саны 23 517,8 мың адам тасымалданды. Ауданда 1 ірі №2 автопарк орналасқан

Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Алматы қаласы, Бостандық ауданы әкімі Бекқали Нұрғалиұлы 2017 жылдың 10 айында аудан бойынша 255,3 мың м2 баспана пайдалануға берілді. Оның ішінде: 164,9 мың м2 көпқабатты (23 ғимарат), 90,3 м2 жеке тұрғын үйлер (191 нысан), және 1 жатақхана. Инвестиция көлемі 24 851,0 млн. теңге,- деп мәлімдеді аудан басшысы.

Есептік кезеңде аудандағы қоғамдық көліктермен жалпы саны 23 517,8 мың адам тасымалданды. Ауданда 1 ірі №2 автопарк орналасқан.

Сондай-ақ, ауданда 4 метрополитен станциясы бар: «Алатау», «Байқоңыр», «Драмтеатр Әуезов», «Сайран». Әр станциядағы жолаушылардың ағымы жұмыс күндері шамамен 45 мың адамды, демалыс күндері 25 мың адамды құрайды,- деп сөзін түйіндеді аудан басшысы Бекқали Нұрғалиұлы.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір