• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 07:55:33
Алматы
+35°

23 Сәуір, 2018 NEWS

24 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Бірнеше аймақтарда дауылды ескерту жариялған.

Сейсенбіде Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр, найзағай, жел және бұршақ жауу мүмкін, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Қазгидрометке сілтеме жасап.  

Елдің солтүстігі мен батысы Сібір антициклонымен байланысты болатын, атмосфералық фронттардың ықпалында қалады. Мұнда сондай-ақ жаңбыр, найзағай, солтүстікте түнде сулы қар, температураның төмендеуі күтілуде.

Бірнеше аймақтарда дауылды ескерту жариялған. 24-ші сәуірде тәулік бойы Қостанай облысының жел 15-20 м/с, кей жерлерінде найзағай, тұман күтіледі.

24-25 сәуірде Жамбыл облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20, 24 күндіз, 25 сәуірде түнде екпіні 23-28 м/с, 25 сәуірде түнде таулы және тау бөктерлі аудандарда қатты жаңбыр жаууы күтіледі. Тараз қ.: 24-25 сәуірде оңтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15-20, 24 күндіз, 25 сәуірде түнде кей уақытта 23-28 м/с күтіледі.

24 сәуірде Қызылорда облысының кей жерлерінде қатты жауын; 24-25 сәуірде Қызылорда облысының кей жерлерінде солтүстік, солтүстік-батыстан 15-20, екпіні 23 м/с жел, найзағай сақталып, тұман, бұршақ күтіледі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір