• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 12:31:11
Алматы
+35°

23 Қаңтар, 2018 Ғылым-білім

23 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Павлодар облысының кей жерлерінде тұман күтіледі

«Қазгидромет» РМК 23 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Антициклонның әсерінен, Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады, тек батыста, оңтүстікте аздаған жауын-шашын күтіледі. Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі күтіледі,  тұман болады, солтүстік батысында жаяу бұрқасын күтіледі.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан  облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-25 м/с күшейеді.

Павлодар облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болып, жекелеген ауданында жел 15-20 м/с күшейеді. 

Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды  облыстарында, Солтүстік Қазақстан облысының, Павлодар облысының кей жерлерінде қатты аяз  күтіледі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір