• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 19:45:22
Алматы
+35°

22 Сәуір, 2018 NEWS

22 сәуірде ел аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауады

Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты 22 сәуірде Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады, тұман, екпінді жел сақталады, тек батыста шаңды дауыл тұрады

Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты 22 сәуірде Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады, тұман, екпінді жел сақталады, тек батыста шаңды дауыл тұрады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Қазгидрометтің дерегін негізге алып. 

Жамбыл, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, күндіз Ақтөбе облыстарында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Күндіз Атырау облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетіп, шаңды дауыл тұрады. Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, тұман, түнде көктайғақ болуы ықтимал. Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, күндіз жел тұрып, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір