• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 02:34:10
Алматы
+35°

13 Шілде, 2018 NEWS

217 550 теңге тұратын ол қандай студенттік тамақ?

20 студенттің түскі асы – 4 351 000, яғни бір студенттің тамағы 217 550 теңге

Бүгінде елімізде тамырын тереңге жайған, күйіп тұрған мәселелердің бірі – жемқорлық. Мемлекеттік бюджеттен бөлінетін қаржының бір шетінен қалтасына басып қалуды ойлайтындар әлі де баршылық. Жағамызды ұстатқан жағдай – Қазақ аграрлық университеті студенттерінің түскі асы. 20 студенттің түскі асына – 4 351 000, яғни бір студенттің тамағы 217 550 теңге. Мұншалықты қымбат тұратын ол қандай тамақ болды екен? Бұл жайында Дидар Смағұлов есімді заңгер өзінің Facebook парақшасында жазады.

«Қазақ аграрлық университет басшылығы 20 үздік студентке түскі ас беруді жоспарлған. Олардың саны – 20. Алғашында ИП ТЕС компаниясымен келісімге отырып, олар 17 000 және  19 000 теңгеге екі үстел дайындайтын болып келіскен. Яғни әр студентке 850 теңгеден. Алматы студенттері үшін бұл қалыпты баға. Бірақ желтоқсан айында бағалар күрт өсіп кетті ме, белгісіз, ЖОО ИП ТЕС компаниясымен тағы да қосымша келісім жасап, қаржыны 10 187 000-ға бірақ шығарды! Студенттен саны көбейді ме деп ойладық? Жоқ, олай емес, студенттер саны сол бастапқыдағыдай 20 болды», - деп жазады заңгер Дидар Смағұлов.

Студенттерге берілетін түскі астың мәзірі:

Түскі ас

Университет басшылығы бұл жағдайға қатысты былай деп жауап берді: «Тендерде 20 студент деп көрсетілгенімен, 113 студентке түскі ас берілді. Бұл университет 2005 жылдан бері «Жасыл ел» бағдарламасына қатысып келеді. Жыл сайын жазғы демалыс кезінде ерікті студенттер ауланы тазартып, жөндеу жұмыстарына қатысады. Алғашында тек 20 студентке түскі ас беру жоспарланған болатын, кейіннен студенттік кеңес барлық студенттер үшін тегін түскі ас ұйымдастыруды ұсынды. Мемлекеттік тендерде қосымша келісімшарттар жасалды».

Университет басшылығының айтуынша, барлық қаражат студенттердің игілігіне жұмсалған және ешқандай да құқық бұзушылық болмады.

Ал келісімшарт жасалған құжатта 20 студентке 4 351 000 деп көрсетілген:

Түскі ас

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір